10.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

344006
10.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «2 миллион қолөнершіге бауырластық жарнамасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда құрамында 494 мамандық саласы бар Түркия кәсіп орындар мен қолөнершілер конфедерациясы TESK, елде артып отырған террор мен көшелердегі дағдарыстар себепті іске кірісті. TESK, бірлікті нығайту үшін 2 миллион жұмыс орнына «Бәріміз бауырмыз» деп жазылған жарнамалар іледі.
Стар газеті «Қүрд текті және Қаржы министрімін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл Қаржы саммитінің (IFS) екінші күні сөз алған және қатысқан отырыста сұрақтарға жауап қайтарған Қаржы министрі Мехмет Шимшек соңғы кездері террор оқиғалары жайлы көзқарас бөлісті. Министр Шимшек Түркияның Ирак немесе Сирия сияқты емес екенін атап, шетелде террормен байланысты шала анализдер жасалғанын, аймаққа Орташығысқа қатысты шолулардың Түркияға да қатысы бар сияқты түсіндірілгенін атап көрсетті. Министр Шимшек мәлімдемесінде «Түркия ұзақ уақыттан бері демократиялық тәжірибеге ие азаматтары арасында бөлшектеушілік жасамайтын бір ел. Қараңыз мен Түркия Республикасы азаматымын. Дегенмен күрд тектімін. Алайда қазір Түркия Республикасы Қаржы министрі болып қызмет атқарамын» деді.
Хабертүрік газеті «Әлемнің алғашқы 6 нарығына кіреміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда құрылыс саласында өскен жұмыс машиналары саласы 2023 жылы 10 миллиард долларлық экспортты нысанаға алуда. Саланың жылдық жұмыс және құрылыс машиналары сауда нысанасы болса 20 мың дана. Бұл көрсеткіш Түркияның әлемде алғашқы 6, Еуропада болса 3 нарыққа кіреді деген сөз.
Йени шафак газеті «Алпауыттардың жұмысын тоқтатты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Голландия Неймегена Университетінен түрік текті Барыш Эге араларында белгілі автокөліктердің кілттерін екі рет қолданумен көбейтілгенін анықтады. Әлем алпауыттарын жаңа бір қауіпсіздік өзгерісі енгізуге мәжбүр қалдырған Эге зерттеуді тұтынушы қауіпсіздігі үшін жетілдіргендерін атап айтты.
Сабах газеті «Венеция қоршау астында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Эмин Алпердің Венеция Фильм фестивалінде әлем премьерасы жасалған және баршаны тәнті еткен «Аблука (Қоршау)» атты фильммен Ең үлкен жүлде Алтын Арыстан үшін ат салысқан үміткерлер қатарында көрсетілуде.
Ватан газеті «5 мың жылдық теңіз жолы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Селчук Университетінің Силифке жағалауында жүргізген суасты археологиялық жұмыстар барысында 5 мың жылдық теңіз жолы бағыты табылғанын білдірді. СҮ Суасты археологиясы мамандығы тобы тарапынан жүргізілген зерттеулерде ежелгі кеме қалдықтары, аялдау орындары және су астында қалып кеткен ежелгі кеме өңдеу орындары анықталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар