25.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

340464
25.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «Тұрғын үйдің сатуы артты» деген хабарында тұрғын үй жобасының ықпалымен шілде айында 96 мың 589 тұрғын үй сатылса, шетелдіктердің тұрғын үй алуының тездетілгенін хабарлаған. Газет осы жылдың басынан осы таңға дейін шетелдіктер алған тұрғын үй санының 12 мыңнан асқанын жазған. Хабарда жылжымайтын мүлік алуында Анталия бірінші орынды иеледі иелегенін, сондай-ақ ретімен Стамбул, Ялова және Айдын провинцияларының екенін жариялаған.


Ватан газеті хабарын «Ең көп бидай өндірдік» атты хабарында тақырыбымен берген. Газет егін шаруашылық өндірісінде әлемнің ең маңызды елдері қатарында орын алған Түркия өткен жылы ең көп өндірген егістік өнімдерінде алғашқы орынды бидай, қызанақ және жүзім алғанын жеткізген. Газет Азық түлік, ауыл шаруашылық министрлігінің көрсеткіштері бойынша өткен жылы мөлшермен 7,9 миллион гектар алаңында 19 миллион тонна бидай өндірілгеніне орын берілген.


Миллиет газеті «100 шақырымда бір лира жұмсалуда» деген тақырыбын қолданған. Газет Стамбул техникалық университеті студенттерінен құралған күн энергиясы командасы Түркияның тұңғыш 4 адамдық күн энергиясы авто көлігін өндіргенін жариялаған. Хабарға қарағанда бұл авто көлік өте аз жанармай жұмсайды және сағатта 70 шақырым жол басады.
Хүрриет газеті хабарын «Италия атымен марка жаратты. Кірісі 40 миллион долларға жетті» атты тақырыбымен берген. Газет Түркия асыл тастар нарығының әйгілі тұлғасы Хажы Мұстафа Камердің немерелері Мұстафа Камер мен Айтач Камердің Италияндықтар сынды абыройлы болу үшін 1988 жылы құрған Roberto Bravo маркасымен көп бөлімі экспорт болып 400 миллион долларға жеткенін мәлімдеген.


Стар газеті «Turkcell тағым тобынан Түркияның дәмді картасы» деген тақырып қолданған. Газет Turkcell тағым тобы 2,5 миллионнан астам қолданушылардың мағлұматтары бойынша Анадолыдағы дастарқанның байлағы мен түрлілігін көрс еткен Түркияның ең дәмді картасын жарыққа шығарғанын жазған.


Сабаз газеті «Түрік қызына ең үлкен композитор жүлдесін берді» атты тақырып қолданған. Газет Германияның астанасы Берлинде ұйымдастырылған «Young Euro Classic» атты музика фестивалінде ең үздік композитор жүлдесінің «Хафрият» атты еңбегімен Синем Сұлтан алғанын білдірген.


Хабартүрік газетінің «Йешилчамның әйгілі фильмдері Лондонда қойылады» деген хабарында Германияда өмір сүрген түрік режиссері Жем Каяның «Remake, Remix, Rip-Off'» атты деректі фильмі Ұлыбританияда қойылатынын жеткізген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар