13.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер экономика және мәдениет саласындағы хабарларға орын берген.

325529
13.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті елдегі өндіріс хабарына орын берген. Хабарға қарағанда, Ғылым, өнеркәсіп және технология министрлігі бір жағынан бірлескен өнеркәсіп аймақтарының инфрақұрылым инвестициялары және өнеркәсіп қалашықтарының құрылыстарының 75 пайызына несие ақша береді. Бір жағынан да болашақтың өнеркәсіп салалары үшін индустриялық аймақтар қалыптастырады. Осы аяда 283 бірлескен өнеркәсіп аймағының 157-сінің құрылысын аяқтаған министрлік Сакарияның Карасу ауданында да 222 гектар алаңда автомобиль өнеркәсібі аймағын салудың жолын ашты. Осы аймақ іске қосылған жағдайда шамамен екі миллиард доллардық инвестиция құйылады және 7-8 мың адам жұмысқа орналасады.


Сабах газеті де экономика хабарына орын берген. Халықаралық нарықта «инвестиция маманы» деп аталған Templeton даму жолындағы нарықтар тобы төрағасы Марк Мобиус түрік экономикасын мақтады. Хабарға қарағанда, Мобиус Түркияда инвесторлар үшін мүмкіндік көп екенін айтты.


Ватан газеті Израиль туристтеріне орын берген. «Көгілдір Мармара» шабуылынан кейін Түркияға келуді азайтқан израильдік туристердің енді таңдауы өзгерді. Түркия Израиль азаматтары таңдайтын бірінші ел болды. Екі ел арасындағы кикілжіңге қарамастан қаңтар-шілде айлары арасында Түркияға келген Израиль азаматтарының саны алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 пайыз артты. Түркияға 172 мыңнан астам Израиль азаматы келді. Сонымен бірге туристердің бір бөлімі Түркия арқылы рейстермен Еуропа, Қиыр Шығыс және Америкаға ұшты.


Стар газеті «Басты рольде кларнет» деген хабар жариялаған. 4-ші халықаралық Кларнет фестивалі «Стамбул тыныс алады» деген ұранмен өтеді. Аталмыш фестиваль 10-20 қыркүйек күндері аралығында Стамбул қаласында болады.


Хүрриет газеті кино әлемінен бір хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, биыл 27 тамыз-7 қыркүйек күндері арасында болатын Монреаль кинофестивалінде Түркиядан үш фильм сайысқа қабылданды. Өзджан Алпердің «Желдің естелігі», Мехмет Эрйылмаздың «Қонақ» және Селим Эвджинің «Құпия» атты фильмдері Канаданың тамырлы халықаралық кинофестивалінде жарысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар