06.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

317108
06.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Үлкен 20 саммиті үшін Беклек дайын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталияның Белек ауданы 15-16 қараша күні өтетін Үлкен 20 саммитіне дайын. Жоғары қауіпсіз аймақ жарияланған және 11-17 қараша күндерінде турист қабылдамайтын Белектегі 29 қонақ үй саммит аясында жабық болады. Күніне 25 мың долларға дейін жалға алынған ультра люкс виллаларда қонатын әлем басшылары гольф ойнайтын болады. Президент Ердоған да назар аударған саммитте денсаулық және қауіпсіздік үшін қосымша 10 мың адам қызмет атқарады.
Миллийет газеті «Түркияда Қытай Медицина Университеті құрылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Денсаулық сақтау министрі Мехмет Мүеззиноғлуна Түркияда Қытай медицина Университеті құру үшін тапсырма берді. Президент Ердоған мен Қытай сапарына қатысқан Мүеззиноғлу қытайлықтармен ортақ университет ашылатынын атап көрсетті. Мүеззиноғлу Қытай медицинасының дәрі емінің пайдасымен байланысты қытайлықтардың химиядан гөрі шөптен жасалған дәрі-дәрмекті қолданғанын атап, университетпен бірге өсімдік дәрілердің артатынын атап көрсетті.
Хабертүрік газеті «Стамбұлдың шатырына немістерде шықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл теңдесі жоқ көрінісі және тарихи байлығыменәлемге әйгілі фильмдерді қонақ етуде. Қала тұңғыш рет 1964 жылы түсірілген АҚШ жасаған «Топкапы» фильмімен әлемнің назарын аударған болатын. Артынан «James Bond» сериалының «Skyfall» атты фильмінің кейбір сахналары Стамбұл Капалычаршыда түсірілді. Қазір болса немістер фильмге түсірілген танымал криминалды фильмі «Таторт» үшін Стамбұлдың теңдесі жоқ Бұғаз көрген үйлердің шатырларына студия жасады.
Хүррийет газеті «Рок жұлдызы Стамбұлда» Рок музыкасының аты аңызға айналған әншісі Marianne Faithfull, қайтадан Түркияда концерт қояды.

Ватан газеті «Ас бұрыш өмірді ұзартады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ағылшын Қытай және американдық ғалымдар жүргізген жаңа бір зерттеу дәмдеуішті тағамдардың әсіресе де ас бұрыштың адам өмірін ұзартқанын ортаға қойды. Күн сайын немесе белгілі мезгілдерде дәмдеуішті тағамдардың аптасына бір рет жеп отырғандардың өлім рисктерінің 14 пайыз азайғаны анықталды. Әсіресе ас бұрыштың құрамындағы «kapsaisin» материалының антиоксидан ерекшелігі бар. Kapsaisin, сондай-ақ іріндеу және семіздік ауруының алдын алғаны да ашық түрде атап көрсетіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар