03.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

312443
03.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Мәрмәрде табиғи газ резервтері ашылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәрмәр аймағындағы табиғи газ резервтерін анықтау және осы резервтерді ел экономикасына қосу мақсатты Кыркларелинде жаңа табиғи газ құдығы ашылады. Барлығы 112 күнге жалғасатын жұмыстарда 5 мың текшеметрлік алаңда табиғи газ іздейді. Іздеу жұмыстары 28 адаммен жүргізіледі.
Ватан газеті «Түрік өнімі Тойотаға 50 мыңдық рекорд жолда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Тойота Түркия 2015 жылы үшін болжаған 42 мың дана сату нысанасын 50 мың данаға көтерді. Директор Али Хайдар Бозкурт «Жергілікті Тойотаның болымды самалымен тарихи бір рекорд жасаймыз» деді.
Миллийет газеті «Титанға жол ашыңдар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әлемнің алпауыт маркаларының шеңбер мен дөңгелек өндіріс жүгін көтеретін 502 миллион долларлық нарықтық құнға ие АҚШ-тың Титан фирмасы Түркияда инвестицияларды өсіруге шешім қабылдады. Айдындағы шеңбер өндіру жайын жетілдіретін Титан осы әдіспен Шығыс Еуропа мен Ресейде одан көп күшке ие болғысы келеді.
Ватан газетінің келесі хабары «Химияда әлем чемпионы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әзірбайжанның астанасы Бакуде ұйымдастырылған 47-ші Халықаралық Химия олимпиадасына қатысқан Ялчын алтын медальге қол жеткізді. Кішкентай кезінде теледидарда қараған спорт олимпиадаларында алтын медальге қол жеткізген әлем чемпиондарының өзін қатты әсер еткені себепті бір күні Түркияға олимпиадаларда өкілдік жасайтынын түсіндірді. Лицей таңдауын білімдік олимпиадаларда өз табысын дәлелдеген мектеп ретінде Измир сандық лицейі туралы жасағанын атап айтқан Ялчын күніне 10-11 сағат сабақ оқығанын атап көрсетті.
Стар газеті «Соңғы хат Иерусалимде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Иерусалимде 1915 жылы 18 наурыз Дарданел теңіз жеңісі» тақырыпты «Соңғы хат» атты фильм көрсетілді. Фильм Палестиналықтарды тәнті етті. Көрермендер Османлы армиясының Дарданел жеңісін түсіндірген фильмнің Иерусалимде жиналғандарды толқытты.
Хүррийет газеті «Венеция фильм фестивалінде жарысады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мұхаммед Узунер басты кейіпкер болып ойнаған ағылшын өнімі «Light Years» атты фильм 2-12 қыркүйек күндері арасында ұйымдастырылатын 72-ші Венеция фильм фестивалінде жарысады.
Миллийет газеті «Түрік детектив көп сатылғандар тізімінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Германияның ең атақты детективтерінің бірі түрік текті Тамер Бакинер 2015 жылы нарыққан шыққан «Шындық аңшысы» (Der Wahrheitsjäger) атты кітабымен көп сатқандар тізімінде алғашқы 10-ға кірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар