20.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

382594
20.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «БҰҰ-на АФАД моделі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Апат және төтенше жағдайлар басқармасы АФАД-тың жұмыс әдісі БҰҰ-ды қызықтырды. АФАД басшысы Фуат Октай «Біздің жүйелеріміздің динамикалық және одан жақсы екенін білдірді. Біріккен Ұлттар Ұйымы АФАД-тың жүйесін өз құрамында орнату үшін жәрдем сұрады» деді.
Хүррийет газеті «Түрік жанкүйерлер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Автокөлік саласында батыстың Қытайы деп танымал Мексикаға бағытталдық. Өндірісі үшін 2020 жылы 5 миллион асуы күтілген автокөлік саласы Мексикаға түрік фирмаларымен кіреді. Биыл 17-ші рет ұйымдастырылған «PAACE Automechanika Mexico» көрмесінде 13 түрік фирмасы орын алды. 34 елден 20 мыңнан астам келуші қадағалаған көрмеде түрік фирмалары арнайы дизайндарымен ‘Made in Turkey’ түсінігін Мексикада күшейтуге тырысты.
Сабах газеті «АҚШ-та түрік диаспорасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда өткен жылы 1,5 миллиард долларлық сауда мен инвестиция салған түріктер АҚШ-қа назар аударды. Коч, Үлкер, Эджзажыбашы фирмаларының артынан измирлік Корсини де АҚШ-та зауыт құрады. Түркияның ең ескі баспахана фирмасы Корсинидің алғашқы жайы Теннесси штатының Мемфис қаласында шаңырақ көтереді.
Стар газеті «Еуропаның ең биік ғимаратына қол салды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда төрт ортақ құрған «Ант құрылыс фирмасы» Мәскеуде «OXO» атындағы жобамен Еуропаның ең биік ғимаратын салды. Шишли-Бомонтидегі Түркияның ең биік егіз мұнаралары «Anthill»-ге де қол таңба қалдырған фирма қазір әлемнің түкпір-түкпірінде барлығы 20 құрылыс алаңында 2 миллиард долларлық жұмысын жалғастыруда.
Ватан газеті «Анталияда рейс пен жолаушы рекорды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталия әуежайында 18 шілде сенбі күні қонып ұшқан 1мың 12 ұшақ және 169 мың жолаушысымен рекорд жасалды. Мемлекеттік әуе алаңдары басқармасы Анталия бас директоры Осман Сердар рекордты твиттер парақшасынан жариялап, 14 мың әуежайы қызметкерін құттықтады.
Хабертүрік газеті «Қайтадан көпірдің үстінде» атты хабар жариялаған Хабарға қарағанда «TEB BNP Paribas Іstanbul Cup» турниріне 10 жылдың артынан қайта қатысқан Винус Уильямс бүгін Бұғазичи көпірінде Ипек Сойлу және Чағла Бүйүкакчаймен теннис матчы ойнайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар