13.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

379500
13.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Бензинге жаңа бәсекелес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Йылдырым Беязыт Университеті Инженерлік және табиғат ғылымдары факультеті аға оқытушысы доцент Мүкеррем Шахин басшылығындағы топ бензин және дизел жанармайлы көліктерде тікелей қолданыла алатын формада құрамында бор мен сутек болған сұйық жанармайды жетілдірді. ‘Green Gas’ атындағы сұйық жанармай көміртек өндірісін азайтқаны себепті қоршаған ортаға ынғайлы болуы тұрғысынан назар аударады. Жанармай бензин және дизел немесе толығымен жанармай етінде қолданылады. Моторлы көліктерде жанармайға қосылғанда 20-25 пайыз мөлшерінде жанармайды үнемдейді.
Сабах газеті «Түркияның мақтанышы Элиф ғалым болу жолында ілгерілеуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлі 16 жаста мұз қабығынан био пластика өндіру жобасымен «Google Ғылым көрмесінде» финалға көтеріліп, Түркияның мақтанышына айналған Элиф Билгин ғалым болу жолында ілгерілеуде. 18 жасқа толған Элиф АҚШ-тағы ‘Johns Hopkins’ атындағы Университетке қабылданды. Биомедика инженерлігі мамандығында білім алатын Элиф 2 жыл бұрын 120 елден келген мыңдаған жас қатысқан жарыста финалға көтерілуіне қоса АҚШ-та 168 жылдан бері жарық көретін танымал ғылым журналы ‘Scientific Amerika’-ның ‘Scient in Action’ сыйлығына ‘лайықты’ деп табылды.
Ватан газеті «Қызын бионикалық көзімен тұңғыш рет көрді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда көздері көрмегендер үшін үлкен үміт артқан және әлі 150 адамға жасалған ‘Argus 2’ (бионикалық көз) тұңғыш рет Түркияда жасалды. Әлем көз Этилер ауруханасында жасалған операциямен бионикалық көз салынған 44 жасар көзі көрмеген адам қызын осы әдіспен тұңғыш рет қызын көрді. Науқас енді жұмысына өзі бара алатын, кірлерін жуа алатын, тамағын өзі дайындай алатын болады. Осы операцияның артынан бионикалық көз барлық көзі көрмеген науқастар үшін үмітке айналды.
Миллийет газеті «Стамбұлда ойын-сауық және қызық қаланың дәл ортасында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ‘UNİQ Istanbul’ қызық ойын-сауықты ‘Xtrem Adventures’-пен қаланың дәл ортасына әкелді. ‘Xtrem Adventures’ биік ағаштар қаптаған орман ішінде жіп алаңдарымен адамның жан дүниесін рахаттандыратын спортқа жағдай жасаған. Маман альпинисттердің жетекшілігімен ағаштардың ортасынан жіптермен өткен келушілер шынында да үлкен ләззат алып қайтады.
Хүррийет газеті «Голлувуд түсірген ‘The Mountains and the Stones’ фильмінің Стамбұл сатысы түсіріле бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Каппадокияның артынан Стамбұл сценарийі Эминөнү ауданында түсіріле бастады. Рүстем Паша мешітінде түсірілген фильмнің басты кейіпкерлері Михиль Хейсман және Гера Химар. І-ші Дүниежүзілік соғысты тақырып қылған фильмде американдық бір медбике мен түрік бір офицердің махаббаты түсіндіріледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар