10.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

378279
10.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хүрриет газеті «Еуропа Одағы министрі Волкан Бозкыр Еуродаққа ескерту жасады. Босқын толқын үлкен мәселе» деген тақырып қолданды. Газет Еуропа Одағы министрі Волкан Бозкырдың Хүрриет газетіне берген сұхбатында соңғы кезде Сириядан келген босқындар жөнінде Еуропа Одағымен кездесулерін көбейткеніне орын берілген. Хабарда Бозкырдың «Еуропа Одағынан қаржылай жәрдем талабымыз жоқ. Қазірге дейін 6 миллиард доллар ақша жұмсадық. Түркия бұдан кейін мұндай шығынды көтере алмайды. Егер Түркияға тағы да босқын толқыны ұмтылатын болса, онда Түркияға ауыр жүк болады. Еуропа Одағы да көп босқындарға душар болады» деген сөздер қолданғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Біріккен Ұлттар Ұйымы босқындар басқармасының 2015 жылы маусым айының көрсеткіштері бойынша әлемде сириялық босқындар санының 4 миллион 13 мың болды. Түркия болса, 1 миллион 805 мың 255 сириялықтың келуімен ең көп босқындарға ие ел.


Йени Шафак газетінің «3-ші көпірінің 70 пайызы тамамдалды» деген хабарында Еуропа мен Анадолы жағасын бір-біріне үшінші рет жалғастыратын Явуз Сұлтан Селим көпірінің аяқталуына тек 18 метр ғана қалғанын хабарлаған. Хабар бойынша көпірдің ең маңызды бөлімі болған 59 болаттан жасалған жалғаудың 9-ы Еуропа жағасында, 9-ы Азия жағасына қондырылу жұмыстары тамамдалды. Көпір тамамдалғанда әлемнің ең кең аспалы көпір ерекшелігіне ие болады.


Хабартүрк хабарды «Лимак Приштина әуежайы арқылы 6 жүлдеге ие болды» деген тақырыбымен берген. Газет Косовода Приштина әуежайын салған Лимак жобалары және көптеген жұмыстарымен 6 жүлдеге ие болғанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда екі ауылдың су қажеттілігін қамтамасыз еткен жобаның да орын алған жүлделерін Лимак Косово әуежайы бас директоры Халдум Көктүрк Лондонда алды.


Стар газетінің «Рак ауруын анықтайтын жаңа тапқырлық» атты хабарында АҚШ-тағы Станфорд университетінде міндет атқарған дәрігер Уткан Демиржи мен дәрігер Гөзде Дурмуштың магниттер арасында тек бір жанды клетканы өлшей алатын бір жабдық дамытқанын мәлімдеген. Газет қандағы рак клеткаларын анықтау және басқа клеткалардың ерекшеліктерін белгілеуде қолданылатын жабдықтың әрі арзан, әрі де оңай екенін жазған.


Сабах газетінің «Фатих суреті 4 миллион лира» деген хабарында Фатих Сұлтан Мехметтің венециялық суретші салған суретінің 4 миллион лираға сатылғанын баяндаған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар