08.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

336892
08.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Сенімді аймақтың инфрақұрылымы дайын» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Сирия шекарасындағы оқиғаларға байланысты Түркия сенімді аймақ үшін жұмыстарды жылдамдатты. Қоғамдық дипломатия координаторы Джемалиддин Хашими сенімді аймақтың инфрақұрылым жұмыстарын аяқтағандарын айтты. «Сирия шекарасындағы оқиғалар осылай жалғасатын болса, сенімді аймақ бас тартылмайтын болады. Коалицияның белсенді болуын қалаймыз» деді ол.
Хабер Түрік газеті болса «Хисар автопилотпен ұшты» деген хабар жариялаған. Түркияның тұңғыш отандық Төмен биіктік әуе қорғаныс зымыран жүйесі Хисар-Аның сынақтары Аксарайда болды. Хабарға қарағанда, сынақтарда Хисар-А зымырандары табысты түрде платформадан бөлініп, өз құрамындағы зымыран автопилотының бақылауында ұшты.
Стар газеті ЮНЕСКО-ның Түркияда бас қосатынын хабарлаған. Түркияның маңызды мәдени жәдігерлері Эфес пен Диярбакыр қорғандары және Хевсел бақтарының ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енуінен кейін тағы бір қуанышты хабар келді. Келесі жылы өтетін Әлемдік мұра комитетінің 40-шы жиналысы Түркияда болады. Өркениеттер астанасы Стамбулда жиналатын комитеті ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне кандидат жәдігерлерді талқылайды.
Миллиет газеті «Стамбул Теңіз мұражайына «Мінсіздік сертификаты» деген хабар жариялаған. Теңіз күштері қолбасшылығына қарасты Стамбул Теңіз мұражайына әлемге танымал саяхат порталы Tripadvisor тарапынан «Мінсіздік» сыйлығы берілді. Хабарға қарағанда мұражай келушілерді күтіп алу, жол көрсету және шығарып салу сынды тақырыптарда жоғары ұпай алды. Шетелдерден келген туристердің көпшілігі де жағымды көзқарас білдірді. 20 мың экспонат пен 20 миллион құжат сақталған көрмеде 16-ғасырдан қалған әлемдегі ең байырғы кеме де орын алуда.
Ватан газеті спорт жаңалығына орын берген. 41 миллион евроға Барселонаға кеткен Арда Туран әлемде газеттердегі жаңалықтарға арқау болды. Барселона футбол клубынан бес жылда 22,5 миллион евро алатын түрік футболшы Арда клуб тарихының Неймар, Суарез және Ибрагимовичтен кейін «ең қымбат» төртінші ойыншысы болды. Түркиядан шыққан «ең қымбат» футболшы атағын да алған Арда Туран туралы ағылшын баспасөзі «Барселонаның жаңа басшысы егер қаламаса, Челсиге келуі мүмкін» деп жазды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар