30.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

325516
30.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «Түркия 193 елді артқа тастады» деген хабарында 2 миллионнан астам босқындарға үй иелігін жасаған Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымының мемлекеттік қызмет жүлдесіне ие болғанын хабарлаған. Газет жүлденің БҰҰ-ның Оскары ретінде аталғаны білдірілген. Хабарға қарағанда Апат және төтенше жағдай басқармасы жүзеге асырылған жобасы арқылы уақытша қоныс орталықтарын ұзақтан қадағалауда. Уақыттық қала басқару жүйесімен де уақыттық қоныстану орнын басқаруда. Осы басқару жүйесімен Түркия әлемде бірінші болды.


Сабах газетінің «Азия құрылыс инвестиция банкі үшін қол қойылды» атты хабарында Түркияның орын алған 57 құрушы елді қамтыған Азия құрылыс инвестиция банкі үшін Қытайда тұңғыш қол қойылғанын жазған. Газеттің хабары бойынша 100 миллиард доллардық капиталға ие банкі үшін 50 ел қол қойды. Банкінің 2015 аяғында жұмысқа қосылу жоспарлануда. Мүше елдердің 20-сы Азия құрлығы тысынан. Банкінің басты мақсаты аймақтық өркендеуге қолдау көрсету болып табылады.


Стар газетінің «Түркияға келген неміс туристтердің саны көбеюде» деген хабарында алғашқы бес айда Германиядан келген турист санының 12,5 пайыз артқанын жеткізген. Хабарға қарағанда мамыр айындағы арту болса 26,4 пайыз болды. Неміс туристтер жалпы санның 14,42 пайызын құрайды. Мамырда Германиядан кейін Түркияға ең көп турист ретінде келгендер болса 13,17 пайызбен орыстар болды. Үшінші орынды 8,17 пайызбен ағылшын туристтер алды.


Миллиет газетінің «Түрік инженерлері дамытқан бұйымдар Италияға сатылуда» атты хабарында түрік инженерлерінің Түркия нарығы үшін дизайн еткен компьютер бағдарламасы мен POS жиһазының Еуропаға да сатылу рұқсатының алынғанын жариялаған. Газет Италия тарапынан бекітілген Ingenico iWE280 компьютер бағдарламасы мен POS жиһазының шілде айында Италияда сатыла басталатынын мәлімдеген.


Хүрриет газетінің «Елазыгда электрлі көлік өндірілді» деген хабарында Евфрат университеті технология факультеті автокөлік бөлімінің соңғы курстағы 7 студенттің Түркия ғылым және технология зерттеу қоғамының қолдауымен «Fors» деп аталған электрлі автокөлік өндіргенін баяндаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар