29.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Түркияның туризм аймақтарымен байланысты жаңалықтарға кең орын берген.

324490
29.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті «Лаодикеяға сертификат» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің жан-жағында туристтерге жетекшілік жасаған және 45 елден мүшесі бар халықаралық саяхат парақшасы ‘TripAdvisor’ Денизли қаласының 6 шақырым солтүстігіндегі ежелгі Лаодикея қаласына керемет қонақ күткені үшін сертификатпен марапаттады. Интернет парақшасы 5 жылдан бері саяхатшыларының бағалауына орын береді. Аймақтағы фирмалар клиенттері тарапынан «өте жақсы» деп көрсетіледі.
Сабах газеті «СКТР-да демалыс үшін бірнеше себеп бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда тур фирмалары туризм жұмағы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) демалыс өткізу үшін бірнеше себепті тізбелеген. Міне осылардың бірнешесі: Аралға жылына 300 күн Күн түседі. Жазғы маусымы ұзын. Аралда ойын-сауық шексіз. СКТР аралдың тіршілігі мен люкс өмір сүру мүмкіндігін бірге ұсынады. Жергілікті және шетелдік өнімдер және сыйлықтарға қоса, аймақты бұйымдар да арзанға табыла алады. Дәстүрлі тағамдары да аралдың таптырмас ерекшелігі. Сондай-ақ тарихи жәдігерлері адамды сиқырлайды.
Хабертүрік газеті «Харранда күмбез үйлер қонақүйге айналдырылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Шанлыурфа қаласының керемет туристік орындарының бірі Харрандағы тарихи күмбез үйлер қонақ үйге айналдырылады. Қалаға одан көп турист тарту үшін дайындалған жобаға қарағанда бұрынғы жерлерді көру үшін аймаққа келген туристтерді ауыл өмірімен таныстырады. Туристтер жергілікті халықпен ауыл өмірін бастан кешеді. Күмбез үйлердің ауласында арбуз егіп уақыт өткізеді, нан пісіріп, сиырдың сүтін сауатын болады.
Стар газеті «Мальдивтер Анталияға көшті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталияның Кемер ауданындағы бір қонақ үйдің пляжы арнайы бір жұмыспен Мальдивтердің әлемге танымал ақ құмды пляжына ұқсатылған. Шетелден әкелінген ‘Quartz’ ерекшелігіне ие адамның аяғын күйдірмейтін және денеге жабыспайтын 20 тонна құм 12 мың текше метрлік пляжға жайылды. Жағалаудың көрінісі өзгеріп, ақ құмды жерлер келушілерді қызықтыра бастады. Бұл жұмыстар айналадағы қалған пляждарда да қолданылады.
Миллийет газеті «Стамбұлда джаз фестивалі басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 22-ші Стамбұл Джаз фестивалі биыл 15-ден астам жайда және паркте тыңдаушыларымен басқосады. 15 шілде күніне дейін жалғасатын іс-шаралар аясында 35-тен астам концерт қойылады. Әлем музыкасының және замандас музыканың белгілі тұлғалары да орын алатын 250-ден астам жергілікті және шетелдік музыкант пен әнші Стамбұлда жанкүйерлерімен басқосады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар