24.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

316151
24.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Миллиет газеті «Елдегі алуан түрлілік мәжілісте» деген тақырып қолданған. Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінде кеше тарихи сәттер болды. Хабарға қарағанда, сыған, армян, суряни, езиди, күрд, орамал таққан, мүгедек депутаттар ант ішіп, міндеттерін бастады. Республика тарихында мәжіліске сайланған әйел санында рекорд болып, әйелдер 98 орынды иеленді. Олардың 21 орамал таққан. Хабарға қарағанда, депутаттар ант ішіп жатқанда, партиялардың күн тәртібінде коалиция ізденістері болды.
Стар газеті «Ираннан 10 миллиард долларлық жол құрылысына теңдерсіз шақыру» деген тақырып қолданған. Иран мен Түркия арасындағы сауда қатынастары артып отырған кезде осы елден инвестицияға шақыру келді. Иранның Анкарадағы өкілетті елшісі Али Рыза Бикдели түрік компанияларын еліне шақырды. Бикдели «Жол министрлігі 10 миллиард долларлық істі тендер ашпастан түрік компаниясына береді. Түрік компанияларын еліме шақырамын» деді. Өкілетті елші Иран ретінде батыс елдерден гөрі түрік компанияларына жақсы мүмкіндіктер беруге дайын екендерін айтты.
Сабах газеті «Халал көрме қазан айында ашылады» деп тақырып қолданған. Хабарға қарағанда Халал Экспо көрмесі 22-25 қазан күндері аралығында Стамбулда ашылады. Көрмеге Бүкіләлемдік Халал кеңесі де қатысады. Ұлттық және халықаралық азық-түлік мамандарына бас қостыратын көрме аясында Халал азық-түлік саммиті, шағын және орта мөлшерді кәсіпорындар саммиті, Экспо көрмесі мен Инновация технологиялары көрмесі де өтеді. Азық-түліктен киімге, дәріден туризмге ауқымды саланы қамтитын халал нарығының әлемдегі әлеуеті 860 миллиард доллардан асады.
Йени Шафак газеті «Палестина жері құжатталуда» деген хабар жариялаған. Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасы Кудрет Бүлбүл Палестина платформасымен бірге Османлы мемлекетіндегі Палестина мұрағатын зерттейтіндерін айтты. «Османлы мұрағатынан кадастр құжаттары, падиша нұсқаулары немесе тарихи құжаттар ерекшелігіндегі барлық деректер арқылы Иерусалим және Палестина территориясындағы жерлердің кімге тиесілі екенін шығарып жатырмыз. Бұл құжаттар ағылшын, араб, парсы және басқа да тілдерге аударылады. Осы құжаттар арқылы Израиль Палестинадағы жеке меншік және мемлекеттік жерлерді «Бұл жер Палестинаға жатпайды» деп айта алмайды» деді ол.
Хабер Түрік газеті болса «Радиация дауылы Жерге жетті» деп тақырып қолданған. Күннің бетінде 21 маусым күні болған ірі корональды масса шығарымы жол ашқан радиация Жер бетіне келіп жетті. Ғалымдар бір мезгіл энергия қуаты желілері мен GPS сынды жүйелерді ірі ақаулар болуы мүмкін екенін білдірді.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар