19.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

309929
19.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Демократия сөзін аузыңызға алмаңыз» деген тақырыппен бір хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған Мысырда соттың Мурсиді өлім жазасына кесуін айыптап, әлемді қозғалуға шақырды.
Ердоған шәйіт туыстары мен ардагерлерге арналған рамазанның бірінші ауызашарында сөз сөйледі. «Осы кезде Мурсиге қарсы төңкерісшілердің жанында болғандардың демократия, еркіндік, әділет деген сөздеріне ауыздарына алға құқықтары болмайды. Біз әділетсіздік алдында жазықсыздар мен әділетті қолдауымызды жалғастырамыз» деді ол.
Хабер Түрік газеті «Үнсіздік әсер ететін болады» деп тақырып қолданған. Еуропа Одағына жауапты министр Волкан Бозкыр еуропалық басшыларға хат жолдады. Хабарға қарағанда, министр Гуманитарлық көмек және дағдарыс басқаруға жауапты ЕО комиссары Кристос Стилианидес және Еуропа көршілік саясаты және кеңею келіссөздеріне жауапты комиссар Йоханнес Ханға Түркияның Сирия шекарасындағы босқын проблемасына байланысты бір-бір хат жолдады. Бозкыр хатында Түркияда 25 лагерьде 260 мың Сирия азаматының, лагерь тысында 2 миллион Сирия және Ирак азаматтарының мұқтаждықтарының қамдалғанын білдіріп, «Бұл жағдайдың Түркияға қаржы жүгі 6 миллиард долларға жетіп қалды. Сириядан келген рисктер мен босқын қысымын тек Түркияның мойнына артып қою мүмкін емес, әрі әділетті емес. Халықаралық қоғамның осы тақырыпқа үнсіз қалуының аймақ елдеріне де, Еуропаға да тікелей ықпалы болады» деді.
Стар газеті болса ATRAX 2015 көрмесіне орын берген. Түркияның түңғыш ойын-сауық көрмесі ATRAX 2015 4-ші мәрте өткізіледі. 3-5 желтоқсан күндері аралығында ашылатын көрме ойын-сауық әлемінің кәсіпкерлеріне бас қостырады. Көрме Түркиямен қоса Таяу Шығыс, Балқан, Кавказ, Африка, Ресей, түркі республикалары және Еуропа елдерінен келетін осы саланың қызметкерлеріне жол көрсететін бір платформа болады.
Миллиет газеті «Бельгияның вафлясына Сакариядан бәсекелес шықты" деген тақырып қолданған.
Элван компаниясы 30 миллион долларлық инвестициямен Сакарияда вафля және өнімдерін өндіретін үш база құрды. Элван компаниясының төрағасы Хидайет Кадироғлу «Голландия және Бельгия классикасы болып табылатын карамел вафляны Түркияны біз өндірдік. Өнімді өзіміздің тағам талғамымызға сәйкестендірдік» деді.
Хүрриет газеті «Джесси Джей екінші рет келеді» деген хабар жариялаған. Поп-музыканың жаңа жұлдызы Джесси Джей түрік көрермендермен табысуға дайындалуда. Екінші мәрте Түркияға келетін әнші 3 шілде күні Стамбулда концерт қояды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар