26.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

289415
26.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің «АҚШМурсиге ие шыққаны үшін Ердоғанға алғыс айтты» атты хабарында АҚШ Мұсылмандар ұйымы кеңесі бас хатшысы Усаме Жемалдың төңкеріс арқылы міндетінен алынған Мысыр Президенті Мұхаммед Мрусиді әлемде тек Түркияның ғана ие шыққанын айтқанына орын берілген. Газет Жемалдың Мурсиге қолдау көрсеткеніне орай Президент Ердоғанға алғыс айтқанын жеткізген.


Йени Шафак газетінің «Жылжымайтын мүлікте рекорд жасады» деген хабарында Түркияда тұрғын үй сатулары сәуір айында өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда 42,7 пайыз артып 119 мыңнан асқанына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Стамбул 23 мың тұрғын үй сатуымен ең көп үлеске ие. Шетелдіктер болса айда 6 мың 115 тұрғын үй алды. Шетелдіктерге сатылған 1847 тұрғын үйдің 584-і Стамбулдан алынды. Шетелдіктер Стамбулдан кейін ең көп тұрғын үйді Анталия, Бурса, Айдын, Мерсин және Сакариядан алды.


Сабах газетінің «Патент алғысы келгендерге 30 мың лира» атты хабарында технологиялық жаңалық жаратқандар мен өнім дамытқандарға сүйінші келгенін жеткізген. Газет Ғылым, өнеркәсіп және технология министрлігінің технологиялық даму үшін ақшалай ынталандыратынын жазған. Хабарда Түркия ғылым және технология зерттеу ұйымы ТҮБИТАК патент қолдау бағдарламасы аясында мемлекет ішіне қолдауды 600 евроға дейін көтерсе, шетелге қолдауды 30 мың лираға шығарғанын жазған.


Стар газетінің «Түркия мен Қытайдың сауда көлемі 100 миллиард доллардан асуды нысаналауда» деген хабарында Қытайдың Industrial and Commercial Bank of China-ның Текстильбанктің көп акциясын тапсырып алғанын жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда жұмыс атқарған тұңғыш Қытай банкі болды. Сатып алу арқылы екі ел арасындағы қаржылай жұмыстар және екі елдің экономикалық дамуының жандануына серпіліс береді. Түркия мен Қытай арасында 2020 жылына дейін сауда көлемінің 100 миллиард доллардан асуы күтілуде.


Хабар Түрік газетінің «Маркалар Стамбулда түсімді өсіретін стратегияларды қолға алады» атты хабарында Маркалар конференциясының бүгін Стамбулда басталғанын жеткізген. Газет екі күн жалғасатын конференцияда әлем және Түркия марка лидерінің бас қосып, түсінді өсіретін стратегияларды талқыға салатынын хабарлаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар