23.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

285615
23.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабар Түрік газетінің «Кушадасы-Дидим еркін аймақ» деген хабарында Экономика министрі Нихат Зейбекчинің Кушадасы мен Дидис аралығындағы аймақтың еркін туризм аймағы болатынын жариялағанын жеткізген. Газет Кушадасы мен Дидимнің маңызды ерекшеліктеріне назар аударған министр Зейбекчинің «Инвесторлар үшін бірқатар мүмкіндіктер жасаймыз. Бағасын түсіреміз» дегеніне орын берілген.


Йени Шафак газетінің «Қорғаныс өнеркәсібінен 117 елге экспорт» атты хабарында түрік қорғаныс және авиация секторы осы жылдың алғашқы 4 айында 117 елге экспорт жасағанын жазған. Газет тілге тиек болған кезеңде сектордың экспорт кірісі өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда 1,36 пайыз артып 461 миллион доллар болғанын хабарлаған.


Стар газетінің «Үш айда 3,5 миллиард долларлық тікелей шетелдік инвестиция жасалды» деген хабарында Экономика министрлігінің наурыз айы Халықаралық тікелей инвестиция көрсеткіштері бойынша осы жылдың алғашқы 3 айлық кезеңінде 3 миллиард 456 миллион долларлық тікелей халықаралық инвестиция жасалғанын баяндаған. Хабарда халықаралық тікелей инвестиция капиталының 2 миллиард 800 миллион долларға жеткенін мәлімдеген.


Йени Шафак газетінің «Келесі апта Стамбулда инвестиция саммиті өтеді» атты хабарында Стамбул халықаралық ынтымақтастық және инвестиция саммитінің 30 мамыр күні Стамбулда өтетінін жазған. Газет халықаралық дипломаттар одағы мен Еуропа іскерлер клубы бірге ұйымдастырған саммитке Премьер-министрлік инвестиция қолдау және таныстыру агенттігінің қолдау көрсетінін білдірген.


Сабах газетінің «Түркия инвестиция қақпаларын айқара ашты» деген хабарында Италия энергия фирмасы Techint-тің Түркияға инвестиция салатынын атап өткен. Хабарда аймақ директоры Пабло Виделаның «Түркия бізге жаңа қақпа ашуда. 10 жылдық стратегия ұсынуда. Көптеген салада инвестиция үшін кездесу өткізудеміз» дегенін жеткізген.


Хүрриет газетінің «Акция тапсыру жұмысын тамамдаған Текстильбанк-тің аты енді ICBC Түркия болуда» атты хабарында Текстильбанк-тің әлемнің ең үлкен банкі ретінде көрсетілген Қытайлық Industrial and Commercial Bank of China ICBC-ке тапсырып беру жұмысының кеше банк ішінде ұйымдастырылған бір рәсіммен жүзеге асқанын жазған.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар