18.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

279102
18.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Даму жолындағы мемлекеттер оларды үлгі алады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда соңғы жылдары өсу, жұмыспен қамдау, ауылшаруашылығы, құрылыс және қаржы, жекешелендіру сияқты салаларда тұрақты шешімдер қабылдаған Түркияның кейбір мекемелері даму жолындағы елдерге үлгі болуда. Көптеген елде Шағын және орта мөлшерлі кәсіпорындарды жетілдіру және қолдау басқармасы, Ауылшаруашылығы мен ауылдық аймақтардағы өсуді қолдау мекемесі, Жұмыс мекемесі, Жекешелендіру басқармасы және Тұрғын үй басқармасын үлгі ретінде ала бастады.
Йени Шафак газеті «Бабалар оқиды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия баспа үйлері саласында табыс тұрғысынан әлемде 12-ші орында. Адам басына шаққанда 7 кітап түседі. 7-14 жас аралығындағы балалар ең көп кітап оқушылар арасында. Түркия Баспа үйлері одағы төрағасы Метин Желал Зейниоғлу жетілген елдерде әсіресе қариялардың кітап оқығанын, балалардың болса компьютерге құмар екенін атап «Түркияда болса бұл жағдай керісінше. Балалар компьютерге қызыққанмен күнделікті өмірде кітапқа да кең орын бөледі.
Хабертүрік газеті «Бодрумға қайта оралу турлары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда соңғы кездері халықаралық тұғырға көтерілген демалыс орталығы Бодрумда әлемге әйгілі қонақ үйлер миллиардтаған лиралық туризм инвестицияларын салу үшін бір-бірімен жарысады. Аймаққа турист әкелетін әлемнің ең үлкен саяхат агенттігі TUI, 7 жылдың артынан Бодрумға қайтадан оралса, «British Airways» аптасына 1 рейсін 3-ке жеткізді. Әсіресе неміс және ағылшын турист санының артуы күтіледі.
Ватан газеті «Ыхлараға бәсекелес Дженевиз алқабы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Невшехирдің Аванос ауданындағы Дженевиз алқабын реттеу жұмыстарының аяқталуымен Каппадокияның маңызды алқаптарынан Ыхлара сияқты табиғи туризмнің шоқ жұлдызына айналады. Теңдесі жоқ тарихы мен табиғи сұлулықтарға ие Дженевиз алқабы Каппадокияның ең ескі алқаптарының бірі және шамамен 5 шақырым ұзындығында. Византия кезеңінен қалған және жөндеуден өткен үйлер де орын алған алқап тарихи Жібек Жолы бағытында орын алады.
Сабах газеті «Анталия туризміне гольф допингі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропаның белгілі турнирлерінен Еуропа әйелдерінің гольф турнирі ‘Ladies European Tour’-дың Түркия сатысы ‘7-ші Turkish Airlines Ladies Open’ 32 елден 126 әйел гольф ойыншының қатысуымен 17-20 мамыр күндері арасында Анталияда өтуде. Биылғы турнирде жалпы 500 мың евро ақшалай сыйлық таратылады. Әлемнің алдынғы қатарлы спорт арналары тарапынан тікелей эфирде берілген турнирдің арқасында түрік туризміне де миллион долларлық үлес қосуы күтіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар