17.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

278017
17.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Іскер әлемі 7 маусым күнінен бастап күшін арттырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда нарықтардағы тұрақтылықтың жалғасатыны болжалады және инвесторлардың сатып алулары сайлаудың артынан да тұрақтылығын сақтайды. Іскерлер мен инвесторлар соңғы жылдары қол жеткізілген экономикалық және саяси тұрақтылықтың сайлаудың артынан да өсу кезеңін болымды түрде жалғастыратынын ойлауда. Анкара өнеркәсіп палатасы төрағасы Нуреттин Өздебир «Сайлаудың артынан жұмыстарымыз одан көп артады» десе, Zorlu Holding директорлар кеңесі төрағасы Ахмет Назиф Зорлу «Жұмыстар ес жинай бастады, тұрақтылық аса маңызды» деді. Kibar Holding директорлар кеңесі төрағасы Али Кибар болса күтіп жатқан инвестициялардың іске қосылатынын білдірді.
Йени шафак газеті «Тұрақты тізімге алынады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда биыл ЮНЕСКО Әлем мұрасы уақытша тізіміне алынған ежелгі «Aspendos» қаласының тұрақты тізімге қабылдауды нысанаға алады. Анталияның Серик ауданындағы ежелгі қаланың төңірегі ЮНЕСКО-ның ережелеріне сәйкес салынады. Б.з.б. кейін екінші ғасырда Рим дәуірінде салынған «Aspendos театры» болса қазіргі таңда концерттер мен мәдени іс-шаралар аясында қолданылады. Ежелгі театр әлемнің ең жақсы сақталған санаулы жәдігерлері арасында орын алады.
Хабер түрік газеті «Тако үшін түріктерге алғыс айтыңдар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Швецияда шыққан Метро газеті Мексиканың дәстүрлі тағамы ретінде белгілі «Тако»-ның Түріктердікі екенін алға тартты. Газет хабарында 14 және 15 ғасырлар арасында Орташығыста билік құрған Османлының «шаварма» тағамының, Мексикада дәстүрлі тағам ретінде ‘Taco al pastor’ деген атпен даңқы шыққанын атап көрсетті. 20 ғасырдың бастарында шамамен 36 мың адамның Османлы жерінен Мексикаға қоныс аударғаны және бұл адамдар арқылы Мексиканың Османлы тағамымен танысқаны болжалады.
Ватан газеті «Ойын-сауық туризмінің қожайындары Vialand та бас қосады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық ойын-сауық парктері мен орындары одағы IAAPA Еуропа’ 21-22 мамыр күндері жылдық IAAPA Еуропа көктем форумын Стамбұл Vialand та ұйымдастырады. Форумға Париж Диснейленд сияқты атақты ойын-сауық орталықтарының директорлары да қатысады. IAAPA Еуропа қызметі төрағасы Карен Сталей «Еуропада ең қызық жаңалықтардың біріне өкілдік жасағаны себепті Түркияны таңдадық» деді. Стамбұл Vailand, Темапаркі, сауда даңғылдары, қонақүйлер және әртүрлі концепциялар ұсынып жүлделер алған болатын.
Сабах газеті «2016 жылы Стамбұл Парижден асып түседі» атты хабар жарияланған. Хабарға қарағанда көрші мемлекеттердегі қиыншылықтарға қарамастан Түркияда туризмдегі жаңалықтар дұрыс бағытта екенімізді көрсетеді. Әлем туризм ұйымының ең көп турист қабылдаған елдер тізімінде Түркия 6-шы орында. Түрік әуе жолдарының әлемде ең көп желіге ие болуы және қамтамасыз етілген виза жеңілдігі туризмге болымды әсер етеді. Тек қана Стамбұлмен байланысты ұшу бағыты арқылы 1.5 миллион адамның қону көрсеткішіне қол жеткізілді. Әлемнің ең үлкен әуежайының салынуымен бұл көрсеткіштер одан да көбейетін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар