10.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер амақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

269163
10.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Еуропаның ең көп лицензияға ұсыныс берген ел болдық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұлда Фарук Сарач атындағы Дизайн техникалық колледжінің ашылу рәсімінде өткен жылы Түркияда 40 мыңнан астам дизайн ұсынысы жасалғанын атап «Бұл көрсеткішпен Түркия ең көп дизайн лицензиясы ұсынысы берген мемлекеттер тізімінде Еуропада 2-ші әлемде 4-ші орынға көтерілді. 2014 жылы 110 мыңнан астам ұсыныспен Еуропада ең көп лицензияға ұсыныс берген елге айналдық» деді.
Йени шафак газеті «Сауданы еркін жібергенде көлемі 18 пайыз артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еркін сауда келісімі түрік экспорты үшін допинг болды. 2014 жылы Еркін сауда келісімі жасалған мемлекеттерге жасалған экспорт 18 пайыз артып, 17.7 миллиард долларға жақындады. Тренд биыл да жалғасты. Жылдың алғашқы 2 айында Еркін сауда келісімі жасалған мемлекеттерге жасалған экспорт шамамен 30 пайыз артып, 4 миллиард доллардан асты.
Хабертүрік газеті «Стамбұл Иран және Қытай үшін көрме орталығына айналды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлеммен қайтадан экономикалық интеграция жолында қадам басқан Иран өнімдерін нарыққа шығару үшін алғашқы қадамын Стамбұлда басады. CNR Holding Директорлар кеңесі төрайымы Джейда Эрем 15-18 қазан күндері «Иран Expo» атымен елдің экспорт өнімдерін танытатын бір көрме ұйымдастырылатынын жариялады. Эрем елге арналған тағы бір көрменің 3-6 маусым күндері жүзеге асатын «China Homelife» көрмесі екенін атап көрсетті.
Сабах газеті «Мега яхталар Мармаристе» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның белгілі туристік орталықтарының бірі Мармариске миллиард долларлық мега яхталардың келу жалғасуда. Алдынғы күні Сауд Арабиясы патшалығына тиесілі «El Salamh» атты люкс яхта кеше ауданға келіп кіші бір байлық тастап кетті. Кеше тағы да әйгілі Latsis отбасына тиесілі мега яхта «Турама» келді. 117 метр ұзындығында, 20 метр еніндегі Мальта байрақты мега яхтаның жанармай алу үшін Мармариске келгені атап көрсетілді.
Ватан газеті «Сузан анаға үлкен сыйлық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Измирде жылдардан бері ауруханаларда жатқан мұқтаждарға жәрдем жасаған, балалар «Сузан ана» деп атағандары 89 жасар Сузан Кызылгөк Халықаралық «Inner Wheel» әйел клубы тарапынан «Margarette Golding жүлдесіне» лайық деп сайланды. Қазірге дейін өзінен бұрын 4 түрік әйеліне берілген бұл сыйлықты алғанына қуанғанын атап көрсеткен Кызылгөк «Бұл жұмыстармен шұғылданбағанда рухым өлер еді» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар