15.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

236390
15.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Ердоған экспортшыларымыз шетел валютасын міндетті түрде өз мүдделеріне айналдырады» атты хабар жариялаған. Хабарда президент Режеп Тайып Ердоғанның сөздеріне орын берілген. Хабарға қарағанда президент Ердоған «шетел валютасы айналымындағы соңғы күндері болып жатқан өзгерістерді экспортшыларымыздың өз мүдделеріне айналдыратынына сенемін» деді. Биылдан бастап Түркияның өсу көрсеткіштерінің арта түскенін атап айтқан Ердоған экспортшылардың әртүрлі мақтауға лайық талпыныс ортаға қойғанын айтты. Ердоған экспорттағы қуантатын көрсеткіштерді де бөлісті.
Стар газеті «Түркияға инвестиция салатын кез келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ Банкирлердің мекемесі «JP Morgan» ның бүгінгі «Даму жолындағы нарықтар және Құнды қағаздар стратегиясы» рапортында Түркияға Түркияға инвестиция салатын кез келгенін атап көрсетті. Түркия, Индонезия, Үндістан, Филиппиндер, Оңтүстік Корея, Тайван және Оңтүстік Африка үшін инвестиция ұсынысы жасаған JP Morgan, Түркияда жылдың аяғында инфляция мен ағымдағы валюта кемшілігінің азаятынын жариялады. JP Morgan рапортында Түркияда нақты табыстың жоғары екенін де еске салды.
Йени шафак газеті «Қызыл бәйшешек үшін уақыт азайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Голландия мен Түркиядағы киносүйер қауымның басын қосатын Голландия мен Түркия Ғылым Қоры тарапынан ұйымдастырылған «Қызыл Бәйшешек Фильм фестивалі» 29 мамыр мен 6 маусым күндері арасында Голландияның Роттердам, Амстердам және Эйндховен қалаларында киносүйер қауымға ұсынылады. Биыл үшіншісі ұйымдастырылған фестивальде «Өмір бойы табыс» сыйлығының иесі Фатма Гирик сыйлықты Филиз Акынға табыс етеді. Фестиваль ұлттық және халықаралық маңызды өнерпаздарға қонақжайлық жасайды.
Хабертүрік газеті «Стамбұл марафонында нысанамыз жұп рекорд жасау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 26 сәуір күні өтетін «Стамбұл жартылай марафоны» аясында рекордтар күліп жатқанда, барлық дайындықтар да аяқталды. Марафонға араларында әлемге танымал спортшыларда бар 8 мыңнан астам адамның қатысуымен жаңа қатысушы саны рекорды жасалады. Сондай-ақ марафонда спортшылардың әлем рекорды жасауы да күтіледі.
Ватан газеті «Кардашянның сіңлісі Анталияға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемге танымал Ким Кардашянның өге сіңлісі Кендалл Женнер Анталияға келеді. 19 жасар белгілі модель 8-14 маусым күндері арасында Анталияда 20-шы рет ұйымдастырылған «Dosso Dossi Fashion Show»дың құрметті моделі ретінде сахнаға шығады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар