08.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

231124
08.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «аймақта таппаған соң үстелге оралды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Шығыс Жер орта теңізінде мұнай іздейтінін жариялап, Түркияға қарсы Мысыр және Израильмен одақтасқысы келген Кипр Понти әкімшілігінің бастамасы босқа шықты. Понтилер келіссөздерге 6 айдың артынан қайта оралуға риза болды. Кипр Понти әкімшілігінің келіссөздерге қайта оралуында ең маңызды себеп мұнай іздеу жұмыстарының нәтижесіз қалуы. Понтилерге кепілдік жасайтын Грекияның Еуроодақпен дағдарысы да кипрлық понтилердің Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен (СКТР) келіссөз үстеліне отыруына себеп болды.
Ватан газеті «Белек Обаманы күтеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ президенті Барак Обама, Германия канцлері Ангела Меркель сияқты басшылар қатысатын «Үлкен-20 елдері саммиті» өтетін Белекте жұмыстар жалғасуда. Анталия губернаторы саммит үшін қонақүйлердің қараша айында турист қабылдамайтынын атап айтты. Белектегі саммитке әлем басшыларына қоса 13 мың адамның қатысуы күтіледі. Түркия 2015 жылы басшылар саммитін 15-16 қараша күндерінде Анталияда өткізеді.
Сабах газеті «Мемлекеттік банктер қаржының алдын ашты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Одан көп жұмыспен қамтамасыз ету және өсу үшін несие мүмкіндіктері соңына дейін пайдаланылады. Банктер әсіресе аз жетілген аймақтарда құрылған немесе құрылатын жұмыс орындарының қаржыға қол жеткізуін жеңілдетеді. Тұңғыш рет фирма ашатындарға қаржы қолдауы мүмкіншіліктері арттырылады.
Хүррийет газеті «CeBIT технологияның өнімге айналуы үшін маңызды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ғылым, өнеркәсіп және сауда министрі Фикри Ышык «Халықаралық қорларды пайдалану және технологияның құнын жоғалтпай өнімге айналдыру үшін CeBIT сияқты организациялар ортақтардың басын қосуда және ынтымақтастық орнатуда аса маңызды роль атқарады» деді. Ышык «Бұл тақырыпқа қатты көңіл бөлудеміз және елімізді замандас әлемде мықты мемлекеттер қатарына қосамыз» деп мәлімдеді.
Стар газеті «8 жаста скрипкада тарих жазды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мерсин Университеті скрипка кафедрасы студенті 8 жасар Лачин Акйол Бельгияның Намюр қаласында өткен «Халықаралық Crumiaux жас скрипкашылар жарысы» аясында өз категориясында 23 скрипкашыны артта қалдырып әлемде 3-ші орын алды. Германия, Франция, Ресей, Эстония, Сингапур, Жапония, Финляндия, Латвия, Бельгия, Литва және Голландия сияқты әлемнің көптеген елінен жас скрипкашылар қатысқан жарыста Түркияның атынан жарысқан Акйол сондай-ақ болашағы жарқын скрипкашылар тізіміне алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар