03.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

223716
03.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «АҚШ-та Түркияның пайдасына армян жобасы» деген тақырып қолданған. АҚШ-та республикашыл партиядан Флорида штаты депутаты Курт Глоусон 1915 жылғы оқиғаларға байланысты шешім жобасын дайындады. Жоба мәтінде «Өкілдер мәжілісі АҚШ президентін болашақ 100 жылда бейтарап, көркейтуші және түбегейлі түрік - армян қатынастарының қалыптасуы үшін Конгресс мүшелері мен Түркия және Армения өкілдерінен тұратын бір жұмыс тобын анықтауға шақырады» деп жазылған. Мәтінде Иран, Ресеймен қатынастар тереңдеген кезеңде АҚШ-тың күші азайып бара жатқанда, Еуропа мен Таяу Шығыс арасындағы географиялық тұғырдың Түркияны аймақтағы радикализммен күресте маңызды серікке айналдырғаны атап көрсетілді.
Йени Шафак газеті «Ислами қаржы үміті» деген хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда дүние жүзінде Ислами қаржы құралдарына ықылас артуда. Халықаралық несие бағаландыру ұйымы Standard&Poorдың Ислами қаржы директоры Мұхаммед Дамак «Түркияның экономикалық өсімі жақсы. Экономикалық өсімді қаржыландырылуда Ислами қаржы құралдарын да толықтырушы балама ретінде қолдануға болады. Ислами банк саласына ықылас артқан Түркияда банктердің сукук экспорттай бастағанын да көрдік. Кейбір компаниялар алдағы уақытта міндетті түрде сукук нарығына кіреді деп ойлаймыз» деді.
Сабах газеті «Ханзада Герри келеді» деген хабар жариялаған. Ағылшын патшалығының таққа әмеңгерлерінің бірі 30 жасар Галлер ханзадасы Герри армиядағы карьерасын аяқтамастан бұрын 25 сәуір күні Анзактармен бірге Галлипольге келеді. Австралиялық Анзак әскерлерінің Галлипольге келуінің 100 жылдығына орай келетін Герриге әкесі Ханзада Чарльз да серік болады.
Миллиет газеті мәдениет саласындағы бір хабарға орын берген. 34-ші Стамбул кинофестивалі ертең басталады. 19 сәуір күніне дейін жалғасатын фестиваль тағы бір рет бай бағдарламасымен 200-ден астам көркем фильм ұсынады. Бүгін кешке Эрнесто Даранас Серраноның фильмімен ашылатын фестивальдің маңызды шетелдік қонақтары да болады.
Хүрриет газеті «Алтын медальмен оралды» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Түркия Халықаралық Сполето Балет байқауына бірінші рет қатысты. Анкара Мемлекеттік опера және балетінің қабілетті бишілері Өзге Онат пен Ильхан Дургут Италияның Сполето қаласында өткен байқауда екі алтын медаль алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар