16.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер Түркия жаңалықтарына кең орын берген.

219651
16.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Түркия көмектерімен әлемді 17 рет артта тастады» деген тақырып қолданған.


Хабарға қарағанда, Түркия азаматтық соғыс жүріп жатқан елдерден қашқан босқындарға әлемнің көмегінен 17 есе артық қаражат жұмсады. БҰҰ мекемелері, Қызылай мен Қызыл Крест қоғамдары, Еуропа елдері, халықаралық азаматтық ұйымдар мен басқа да елдердің көмегі 302 миллион АҚШ долларын құраса, Түркия жалғыз өзі 5 миллиард доллардан көп көмек берді.


Осы газет «ТИКА-дан жыл сайын 2 мың жоба» деген хабар жариялаған.


120 елге жобаларымен қолдау беріп отырған Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА көмекке зәру әрбір елге дін, тіл, нәсіліне қарап ажыратпай, көмек беруде. Биыл түрлі аймақта жаңа 10 кеңсе ашуды жоспарлаған ТИКА жыл сайын 2 мыңнан астам жобаны жүзеге асырады. ТИКА көбіне егіншілік пен қауіпсіздік саласында жаттықтыру тақырыптарында көмек береді.


ХаберТүрік газеті «Дүние жүзінің бір жылдық мұқтаждығын қамдайтын жаңа көмір таптық» деген хабарға орын берген. Газет осы тақырыпта Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыздың сөздеріне орын берген. Министр Түркияның соңғы 11 жылда 11 көмір кенішін ашқанын білдіріп, «Түркия 7 миллиард тонна көмір резервін тапты. 7 миллиард тонна көмір дүние жүзі елдерінің бір жылдық көміріне тең» деді.


Министрдің айтуынша Түркияда жергілікті көмір кеніштерін игеру үшін жергілікті инвесторлар, халықаралық инвесторлар мен капитал иелеріне жеңілдік жасалып отыр.


Ватан газеті Форд көліктері жөнінде хабарға орын берген. Еуропалық тұтынушылар үшін өндірілетін Фордтың жаңа модельдерінің жобасы бір түрік азаматына тапсырылды. Форд Еуропаның Жобалау директоры ретінде Мурат Гүлер тағайындалды. Жаңа Мондеоны жобалаған Гүлер бұл жолы Фиеста мен Фокус үшін жұмыстанады.


Сабах газеті ішкі саясат хабарына орын берген. Хабарға қарағанда, Жұмысшы партиясының аты өзгерді. Жұмысшы партиясының аты кеше Анкарада өткен құрылтайда «Отан» партиясы деп өзгертілді. Партияның бір жұлдыз түріндегі эмблемасы де «екі бас бидай арасында жұлдыз» ретінде қайта енгізілді.


Стар газетінің хабарына қарағанда, Аппалон храмы, Ильяс мырза кешені және Милет ежелгі қаласына мекен болған Эгейдің тарихи және туристік орталықтарының бірі Айдынның Дидим ауданы ЮНЕСКО Әлем мәдениет мұрасы тізіміне ену үшін жұмыс бастатты. Дидим Сауда палатасы аты аталған осы тарихи мұралар үшін ЮНЕСКО-ға өтініш берді. 


Миллиет газеті бір рекорд хабарына орын берген. Газеттің жазғанына қарағанда, ескекте әлемдік қос рекорд жаңартылды.
Ескекші Эрден Эруч Гиннесс рекордтар кітабына екі рекордпен енді. Эруч теңізде ең көп уақыт болып, Тынық мұхиттан өтіп, жалғыз өзі ескек және бұлшық етінің күшімен әлемді айналған тұңғыш адам ретінде қабылданды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар