09.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

214815
09.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Түркияны мақтан тұтамын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропаның оңтүстігінде Түркияға көрші мемлекеттердегі дағдарыстың өздерін алаңдатқанын атап айтқан Германия канцлері Ангела Меркель тек қана Сириядағы ішкі соғыста 4 жылдың ішінде 220 мың адамның қаза тапқанын, мыңдаған әйел мен баланың қақтығыстардан зардап шеккенін еске салды. Меркель Түркия мен Ливанның сириялық босқындар үшін жасаған жұмыстардың мақтауға лайық екенін атап көрсетті.
Акшам газеті «Жоғары жылдамдықтағы пойыз 1.7 миллиард лиралық желімен Хабурға дейін ұласады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Нусайбинді теміржолы арқылы Хабурға байланыстыратын жүрдек пойыз жобасы үшін 1.770 миллиард лира инвестиция салынады. Желі Джизре мен Силопиден өтіп Хабур арқылы Иракқа ұласады. Жобаның аяқталуымен Мардин мен Шырнак арасында толық байланыс құрылады. Станциялардағы орташа аялдау уақыты ретінде 15 минут қосылғанда бір пойыздың шамамен 81 минутта екінші станцияға жетуі болжалады.
Сабах газеті «Артта әскер қалдыруға болмайды» атты хабар жариялаған.
Түрік Қарулы күштері қызметі барысында дұшпан жеріне секіруге мәжбүр қалатын ұшқыштардың аман-есен құтқарылуы үшін арнайы бір құтқару тобы дайындалады. Шамамен 1 жылдық оқу-жаттығудан өткен құтқару тобы әскерлері достарын «тыныштықпен» дұшпан жерінен алып шығуды үйренеді. Карта қолдану, жаз мен қыста тауға өрлеу, шаңғы, әскери парашютпен секіру, қашып құтылу әдістері және денсаулық сақтау сияқты тақырыптарда теориялық және практикалық жаттығудан өткен әскерлер барлық сатылардан өткен соң 7 адамнан тұратын арнайы топқа қабылданады.
Хабертүрік газеті «Әлемді қалтырататын танк күші» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда операция алаңының шектелгені алға тартылса да көптеген армия құрлық соғысының ең мықты көліктері ретінде әлі танк қолданысын жақтайды. Түркия осы елдер қатарында 3 мың 763 танкімен 10 тізімде. Түркияның дәл алдында 3 мың 784 танкімен Украина тұр. Тізімде Қытай 9 мың танкімен назар аударады. 22 мың 170 танкімен тізімнің бірінші орнында Ресей бар.
Хүррийет газеті «Жанармай бізден туристтер Ресейден» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда өткен жылы Ресейден шетелге шыққан турист саны 25 пайыздай азайған. Дегенмен Түркияға келуші орыс турист саны 14 пайыз артты. Биыл да Ресейден шыққан турист санының 30-35 пайыз азаятыны болжалады. Түркияға келген орыс турист санының кемімеуі үшін қолдау қажет. Өткен жылы 4.4 миллионнан астам орыс туристті күткен Түркияның осы нарықты жоғалтпау үшін Ресейден келетін рейстердің жанармайын толтыру керектігін атап айтқан «Etstur» Атқару комитеті Мехмет Эрсой «Мемлекет осы мәселеге қолдау беруге тиісті. Сондай-ақ орыс туристтің паспортсыз елге кірісіне де жағдай жасалғаны жөн» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар