04.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

211065
04.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Миллийет газеті «Банк Азияда жаңа кезең» атты хабарында Банктік реттеу және қадағалау агенттігінің (BDDK) «ортақтық құрылымы мен жұмыстары ашық емес» деген себеппен Банк Азияның 63 пайыз акциясын Жинақ депозиттерге кепілдік беру қорына (TMSF) өткізуге шешім қабылдағаны жазылған. Банк әкімшілігі Жинақ депозиттерге кепілдік беру қоры қабылдаған соң лауазымдылар банк орталығында тексеру жұмыстарын бастады. Осыған қоса Банк Азияның банк саласындағы жұмыстарын жалғастырғаны атап көрсетілді.
Йени шафак газеті «Әлем Түркияның табысын одан жақсы түсінеді» атты хабарында 2016 жылы Стамбұлда ұйымдастырылатын «Әлем гуманитарлық жәрдем саммиті» дайындық жиналыстарының Венгрияның астанасы Бухарестте басталғанын жариялаған. Газет саммиттің бас хатшысы Жамилах Махмоодтың Сирия дағдарысының артынан Түркия жасаған гуманитарлық жұмыстарды мақтау тұтып «Түркияның адамзаттық дағдарыстар кезінде тәжірибелеріне куә болдық. Стамбұл саммиті арқылы бүкіл әлем Түркияның табыс хикаясын одан да жақсы түсінетін болады» деді.
Ватан газеті «Арабтар үздіксіз инвестицияларын жалғастыруда» тақырыпты хабарында өткен жылы шетелдіктердің Түркиядан 8 миллион шаршы метр мүлік сатып алғанын жазған. Хабарда Сауд Арабиясының 1,5 миллион шаршы метрмен немістерді артта қалдырғаны, Шығанақ мемлекеттерінің үлестерін 35 пайызға жеткізгені атап көрсетілген.
Стар газеті болса «Түрік кемесі арабтарды таң қалдырды» атты хабарында түрік инженерлері тарапынан өндірілген Теңіз күштерінің радарға ұсталмаған технологиялық кемесі TCG Бүйүкада фрегатының Сауд Арабиясында қатты назар аударғанын білдірген Шығанақ мемлекеттерімен ынтымақтастық жетілдіруге үлес қосу мақсатты аймақ мемлекеттерінің Теңіз күштерімен операция және оқу-жаттығу жұмыстары жүргізетін «Елес» деп аталатын кеме теңіз қарақшыларымен күрес аясында да қызмет атқарады. Кеме Сауд Арабиясының артынан Кувейт пен Пәкістанға барады.
Хабертүрік газеті «Түрік ғалымдарының толқытатын жаңалығы» атты хабарында Ушак Университетінде жанартау жыныстарына жататын перлитті пайдаланып, ісік ауруына себеп болған зиянды Күн сәулелерін 98 пайыз соратын бір мата өндіргені жазылған. Матадан қолшатырға, пердеден киімге дейін көптеген салада қолданылады.
Йени шафак газеті «Улудағда сновбординг турнирі» атты хабарында қыс туризмінің шоқ жұлдызы Улудағдың 4-10 ақпан күндері арасында Түркияның тұңғыш сновбординг турниріне қонақжайлық жасайтыны жарияланған. Әлемut танымал жергілікті және шетелдік көптеген сновбордшыны қонақ қылатын турнирде атақты жұлдыздардың қызығушыларға сновбордингті үйрететіні атап көрсетілген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар