02.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

206230
02.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газеті «Түрік ағымына сюрприз ұсыныс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда бұрынғы ағым жобасын өзгерткен Ресейдің жаңа ұсынған «Түрік ағымы» жобасына қатысты кезең жалғасып жатқанда, «Бауырлас ел бағыты» күн тәртібіне келді. Халықаралық Энергия және экономика одағы (IAEE) төрағасы профессор док. Гүркан Кумбараоғлу түрік ағымы желісінің Фракиядан ары қарай Македония, Косово және Босния-Герцеговинаға дейін созыла алатынын мәлімдеді.
Стар газеті «Ирактан түрік банктеріне шақыру» атты хабарында қаржы күші 2 триллион лираға ұласқан түрік банктеріне жиі шақыру жасалғаны жазылған. Хабарға қарағанда көрші және жақын мемлекеттер түрік банктерінің елдерінде филиал ашуын және қаржы саласына атсалысуын талап етеді. Қаржы саласында Түркияның бұл жолы сауда ортағы көршісі Ирак есігін қақты. Газет өткен жылдың соңында Түркияға келген Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибадидің түрік банктерінің өз елінде кем дегенде 10 есе өсуі туралы сұраныс жасағанын жазған.
Миллийет газеті «Түркия альбинизм ауылы құрады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің ең кедей 25-ші мемлекеті Танзанияда жәбірленген альбинизмдердің өмірін ұзарту үшін күрескен Түркияның Дар-эс-Салам өкілетті елшісі Али Давутоғлуның жұбайы Йешим Давутоғлу «Түркия 500 албинизммен ауырған балалар өмір сүретін ауыл құрамыз» деді. Түркия-Танзания жәрдем қорының қолдауымен іске асатын жоба арқылы түрік сәулетшілері мен жұмысшылары салатын ауылда 500 албино бала тіршіліктерін лайықты түрде жалғастырады. Давутоғлу Түркияның абыройын көтеретін мұндай жұмыстардың арқасында дипломатиялық ынтымақтастықтың да жетілетінін атап көрсетті.
Хабер түрік газеті «Спорт туризмінің табысы 900 миллион доллар» атты хабарында Түркия саяхат агенттіктері одағының (TURSAB), 2014 жылы спорт туризмі рапортын жариялады. Осыған қарағанда өткен жылы спортпен айналысқан 550 мыңнан астам туристтің Түркияға 900 миллион доллар табыс әкелген. Хабарға қарағанда спортпен айналысқан бір туристтің демалу мақсатты келген туристпен салыстырғанда екі есе ақша жұмсағаны жазылған рапортта спорт туризмі саласында 1,5 пайыздық үлес алғаны атап көрсетілген.
Сабах газеті «Флоридалық ‘Tropicana’ фирмасынан Бурсаға шабдалы мектебі» атты хабарында «Tropicana» фирмасының 2013 жылы Түркия нарығына кірген кезде жергілікті жеміс-жидектің маңызын ескеріп, мамандарының 2,5 жылдық жұмыстанудың артынан Түркия бағдарламасын іске қосқан американдық бір фирма екені жазылған. Фирма жергілікті бәсекелестерін Бурсаның шабдалысы, Малатияның өрігі, Силифкенің құлпынайымен нысанаға алуға шешім қабылдады. Боғазичи университеті өмір бойы оқу орталығының (BUTEM) қолдауымен жалғастыра аларлық жеміс бағын диқандарға үйрету мақсатты ‘Бақ мектептері жобасын’ дайындаған фирма Бурса мен Малатия қалаларында 3 жылдың ішінде мыңнан астам диқанға оқу-жаттығу жұмысы жүргізеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар