24.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

196201
24.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің «Сауд Арабиясы королы Абдуллах қайтыс болды» деген хабарында Сауд Арабиясы королы Абдуллах бин Абдулазиз әс Суудтың қайтыс болғанын, жаназа рәсіміне президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысқанын жазған. Газет Сауд Арабиясының дәстүріне орай король Абдуллахтың есімсіз қабірге жерленгенін және мемлекетте қаралы күн жарияланып, байрақтар төмен түсірілгенін жариялаған.


Стар газеті премьер-министр Ахмет Давутоғлұның «Күшті Түркиядан жасқануда» деген сөзін тақырып ретінде қолданған.
Газеттің хабарына қарағанда Давоста баяндама жасаған Ахмет Давутоғлұ Түркияның Еуропа Одағына қатысу үшін қолынан келгенін істегенін айтып, «Бұдан бұрын Түркия Еуропа Одағы үшін кедей, Еуропа Одағына жүк болады деген сылтай айтқан еді. Қазір Түркия Еуропа Одағына интеграция болу өте күшті деуде. Олар қабылдамаса да Түркия болашақта да жалғасты күшті болады. Швейцарияда түрік қауымына үндеу тастаған Давутоғлұ Еуропа Одағына дініміз, әдет-ғұрпымыз арқылы мықты түрде кіреміз» деді.


Миллиет газеті хабарды де премьер-министр Давутоғлұның «Жұмыссыз еуропалықтар Түркияға келсін» деген сөздерімен берді.
Хабарға қарағанда Цюрихте өмір сүрген түріктермен бас қосқан премьер-министр Давутоғлұ бұрынғы жылдарда түрік экономикасының шетел ақшаларына мәжбүр болғанын еске салып, «Қазір еуропалықтардың қажеттілігі бар болса, оларға жұмыс тауып бере аламыз. Дамыған үлкен бір Түркия бар» деді.


Хүрриет газетінің «Өсімде төмендеу жалғасуда» деген хабарында Орталық банкі бас директоры Ердем Башчының Давоста жасаған мәлімдемесінде алдымыздағы кезеңде инфляция мен өсімдердің жалғасты төмендейтінін баяндағанын жазған.
Газет сонымен қатар Башчының түрік лирасының өсімдерінің егжей-тегжей жағдайын сәрсенбі күні Анкарада өткізілетін баспасөз мәслихатында жариялайтынын айтқанына орын берген.


Ватан газетінің «Әлемнің ең тез қырқында үлкейген 2-ші қала Измир» атты хабарында АҚШ зерттеу ұйымы Brookings институты мен JP Morgan Chase тарапынан дайындалған «Global Metro Monitor 2014» рапорты бойынша Измирдің әлемнің ең тез қырқында үлкейген екінші қаласы сайланғанына назар аударғанын жеткізген.


Хабар Түрік газеті «67 жасында рекорд жаратты» деген хабарында Канадада техникалық мектеп мұғалімі түрік теңізші Еркан Гүрсойдың қайықпен 10 айлық сарап шеккенін, сондай-ақ ең қарт теңізші атағына ие болғанын мәлімдеген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар