06.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлемнің кейбір жаңалықтарына орын берген.

174406
06.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Тынық мұхитқа барамыз» деген хабарында Премьер-министрі Ахмет Давутоғлұ басшылығында экономика министрлігінде өткізілген «3-шы Сауда кеңесшілері конференциясында баяндама жасағанына орын берген. Газет премьер-министрдің Латын Америкалық сауда кеңесшілеріне географиялық жақтан шалғай болғанына қарамау керектігін дәріптегенін және оның «Тек өткен жылдың өзінде Түрік теңіз күштері 28 кемежайға барып достық зияратын жасады. Биыл да, келесі жылы да арнайы бағдарлама бойынша достығымызды күшейтеміз. Биыл Түрік теңіз күштері барлық Тынық мұхитын аралап, Жапонияға дейін барады» дегенін жеткізген.


Сабах газетінің «Мұнай соғысында жеңіске жеткендер және жеңілгендер» атты хабарында 2014 жылының басында 110 доллар болған мұнай бағысының 55 доллардан төмендеуі экономикалары мұнаймен тығыз байланысты Ресей мен Иранға әсерін тигізгенін жариялаған. Хабарға қарағанда мұнай бағаларына негізделген жаңа соғыста Ресей мен Иранға қарсы АҚШ пен Сауд Арабиясы ынтымақтастық жасауда. Мұнай бағаларындағы төмендеу бюджет кірісінің жартысына таяуын табиғи газ бен мұнай қамтамасыз еткен Ресей мен Иранды қиын жағдайға апарып соқты. Осыған байланысты АҚШ, Еуропа және Түркия баста болып көптеген елдің экономикасында үлкен жандану болғаны байқалды.


Акшам газетінің «Білім беріп жабдықтандыру жобасының уақыты белгілі болды» деген хабарында Түркия мен АҚШ арасында білім беріп жабдықтандыру процесінің 3 жыл жалғасатынын жазған. Газеттің хабарына қарағанда дипломатиялық қайнар көздер сириялық оппозицияларға «білім беріп жабдықтандыру» атты бағдарламасына байланысты келісіміне қол қойылуының күтілгенін, сондай-ақ осы аяда үш жыл ішінде 15 мың адамның білім алуының мақсат етілгені білдірілді.


Миллиет газетінің «Ресейдің Түркиядан ет импорты 6 есе артты» деген хабарында Ресейдің тамыз айынан осы таңға дейін Түркиядан импорт етілген ет және ет өнімдері импортының 6 есе көбейгенін және балық өнімдері импортының да 2 есе артқанын мәлімдеген. Ресейдің Анкарадағы сауда өкілі Тофик Мәликовтың берген мағлұматы бойынша Түркиядан тамыз айынан осы таңға дейін 51,2 миллион доллар деңгейінде балық өнімдері және 14,4 миллион доллар деңгейінде ет және ет өнімдері импорт етілді.


Сабах газетінің «Автокөлік әйелдерге аманат» атты хабарында еркектер үстем болған автокөлік секторында әйел басшылар санының тез қарқында көбейгеніне орын берілген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар