04.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

170298
04.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабер түрік газеті «Израильдік тұрғындар американдықтарға тас лақтырды» тақырыпты хабарында Батыс Шериядағы израильдік тұрғындардың аймақта бақылау жұмыстары жүргізген АҚШ-тық дипломаттардан құрылған делегацияға тас лақтырғанын жазған. Газет Израильдік қырық отбасы өмір сүрген Адеи Ад аймағында израильдіктердің палестиналықтардың ағаштарын кескені жайлы қауесеттерді тексеру үшін құрылған және Израиль әкімшілігінен рұқсат алған делегацияның көліктеріне аймаққа жақындаған кезде тас лақтырғанын жазған. Делегацияның аймаққа жақындай алмай кері қайтқаны жазылған хабарда израильдік бір лауазымдының Батыс Шериядағы тұрғын санының 400 мыңнанасқанын айтқанына назар аударған.
Газет Сыртқы қатынастар жауаптысы Дани Даянның «Халықаралық қоғам осында бір Палестина мемлекеті құрыла алмайтынын біледі» дегенін жеткізген.
Ватан газеті «Мешітімізге тиіспе!» атты хабарында бір аптаның ішінде 3 мешіттің өртенгенін жазған. Хабарда Швецияда мұсылмандарға қолдау беру үшін соңғы шабуыл жасалған мешіттің кірісіне жүрекке ұқсаған қағаздармен әсемденген жазбаша жолдамалар ілінгені атап көрсетілген. Газет «Мешітіме тиіспе!» деген ұранмен жүзеге асқан шеруге болса мыңдаған швециялықтың қатысқанына назар аударған.
Стар газеті «Батыр қыз Туғче дұға және зікірлермен еске алынды» атты хабар жариялаған. Хабарда Германияда 2014 жылының 15 қараша күні бір ресторанда жәбірленген екі жас қызды құтқаруға әрекет жасаған кезде өзі шабуылға ұшырап қаза тапқан 22 жасар Туғче Албайрак үшін құран оқытылғаны атап көрсетілген. Газет Мюнхендегі «DІTІB Pasing» Хажы Байрам мешітінде оқытылған құран мен зікірлердің артынан мешітті толтырған Туғче үшін дұға етілгені жазылған.
Сабах газеті «Эбола індетінің қаупі биыл жойылады» атты хабарда БҰҰ Эболамен күрес тобының басшысы Антоний Банбурийдің 2015 жылы эболамен күреске қатысты маңызды мәлімдеме жасағанына назар аударған. Газет жұқпалы аурудың биылдың ішінде міндетті түрде жойылатынын атап көрсеткен Банбурийдің «Ұйым ретінде үлкен қызмет атқарудамыз. Биыл біз үшін қиын өтеді. Бірақ 2015 жылы эбола дағдарысының жойылатынына сенеміз» дегенін жеткізген.
Йени шафак газеті «Жаңа жылға жаңа инвестициялармен кіреміз» тақырыпты хабар жариялаған. Газет түрік және жапон ортақтығымен Османийеде құрылатын Тосялы-Тойо (Tosyalı-Toyo) Болат фабрикасының іргетасының қаланғанын атап көрсеткен. Газет премьер-министр Ахмет Давутоғлуның да іргетасы қалау рәсіміне қатысқан жайдан Еуропа, Азия және Африкаға экспорт жасалатынын атап көрсеткен. Давутоғлуның рәсімде жасаған баяндамасында «Жаңа жылға жаңа инвестициялармен бастау қуантады» дегенін жеткізген хабарда құрылатын жайда 10 мың адамның да жұмыспен қамтамасыз етілетінін білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар