30.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер кейбір аймақтық және әлем жаңалақтарына орын берген.

165347
30.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «Түрік байрағы 5 құрлықта» деген хабарында Түркияның жаһандық құндылықтарындағы үлесі артқан кезде түрік фирмаларының шетел инвестицияларының 5 құрлықта 63 елге жеткенін баяндаған. Газет түрік инвесторларының жаңа нарыққа кіріп, маңызды табыстарға қол жеткізгеніне орын берген. Газет сонымен қатар түрік инвесторларының Ирак, Ресей, Қытай және Үндістан сынды елдердің нарықтарында орын алғанын жеткізген.


Сабах газетінің «Инвестицияда түрік көктемі» атты хабарында 2014 жылы 11 фирма, 5 миллиард 147 миллион долларлық фирма сатып алу және қосуды жүзеге асырғанын хабарлаған. Газет осылайша өткен жылдарда ең жоғары 2,5 миллиард долларлық көрсеткішті екі есе көбейткенін баяндаған. Хабар бойынша 2014 жылы Түркияға келген шетел инвестицияларда да үлкен арту болды. Шетелдіктердің Түркияда 5 миллиард 258 миллион долларлық фирма сатып алғандары болды.


Миллиет газетінің «Түрік іскерлеріне 30 миллиард долларлық орай» деген хабарында Ирактың қайтадан салынуы үшін толыққанды түрде 30 миллиард долларлық бюджет босатқанын атап өткен. Хабарға қарағанда осы санақтың көбінің түрік инвесторларының алуы күтілуде. Ирактың салынуында, әсіресе құрылыс инвестицияларында түрік құрылыс секторының атсалысатынын баяндаған Экономика министрі Нихат Зейбекчи осы елде 30 миллиард доллардың құрылысқа босатқанын, бұның көбінің түрік іскерлері тарапынан жүзеге асырылатынын айтты.


Акшам газетінің «Ең сенімді ұшақ фирмаларында түрік фирмалары алдыңғы қатарда» деген хабарында соңғы Air Asia апатынан кейін ұшақ шырғалаңдарында 924 адам қаза тапқанын, сондай-ақ 2014 жылғы ұшақ апатының 2005 жылынан осы таңға дейінгі ең үлкен апат ретінде тарихқа жазылғанын жариялаған. Газет түрік фирмалары болса жүргізілген зерттеу бойынша әлемнің ең сенімде алдыңғы қатардағы фирмалар арасында орын алғанын жазған. Хабарға қарағанда AirlineRatings.com-ның зерттеуі бойынша Түрік әуе жолдары мен Atlasjet 6 жұлдыз алды.


Хабар Түрік газетінің «Испанияны дүр сілкіндірген 12 жасар түрік бала» атты хабарында 9-ші мәрте ұйымдастырылған Халықаралық балалар футбол чемпионаттар финалында 12 жасар түрік бала футболшының салған екі голмен Түрік Ұлттық балала командасының чемпион болғанын білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар