15.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

149032
15.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газеті «Жаңа нысана: Ұлттық жойғыш ұшақ» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда, қорғаныс өнеркәсібі саласында маңызды жобалар іске асырылған Түркияда 2023 нысаналары аясында қарулы күштердің негізгі қажеттіліктерінің толығымен ел шекаралары ішінде өндірілуі жоспарланады. Осы аяда өз ұлттық танкын, кемесін, тікұшағын, оқу-жаттығу ұшағын, зымыранын және автомат қаруын өзі өндірген Түркияда жаңа нысананың жойғыш ұшақ өндіру.
Сабах газеті «Еуропада мобиль телефонмен сөйлесуде Түркия бірінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2014 жылының үшінші ширегінде орташа айлық мобиль қолданысында 370 минутқа жеткен Түркия Еуропа елдерімен салыстырғанда мобиль телефонмен ең көп сөйлескен мемлекет. Франция, Швеция, Норвегия және Грекияны әлде қайда артта қалдырған Түркия Еуропада бірінші орында.
Хүррийет газеті «Уолл-стриттің түрік бұқасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда халықаралық капитал нарығындағы табыстары себепті АҚШ-тың қаржы орталығы Уолл-стриттің «түрік бұқасы» деп аталған танымал фонд басшысы Ахмет Окумуш құраған ‘Okumus Opportunistic Value Fund’, 2014 жылы АҚШ-тағы еркін инвестиция фондтары (hedge фонд) арасында ең көп табыс түсірген фонд болды.
Хабертүрік газеті «Ұшақтың ішінде технологиялық түрік төңкерісі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік инженерлері жетілдірген жаңа ұшақ ішіндегі ойын-сауық жүйесімен барлық жолаушылардың қастарындағы ақылды телефон, планшетті компьютер және компьютерлерімен кабелсіз «offline 3G» жүйесі арқылы байланысып, фильм, музыка, сериал, арнайы бағдарламалар, ойындар және күндік газеттер сияқты көп нәрсеге қол жеткізе алады. Жаңа ойын-сауық жүйесінің техникалық материал, монтажы (hardware) Түрік әуе жолдары, жүйенің бағдарламасы (software) болса Хавелсан инженерлері тарапынан жетілдіріледі.
Йени Шафак газеті «140 жылдың артынан қайта фотосуретке түсірілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда тұңғыш рет тіркеуге алынған 1874 жылдан бері құс бақылаушыларының фотосуретке түсіру үшін ізін қуған дуанбас құсы Ризе жағалауында байқалды. Ризе жағалауындағы құс бақылаушысы Мұрат Салтук жұма күні әртүрлі дуанбасты фотосуретке түсірді. Түркияның белгілі фотосуретшілерімен жасалған бағаландыру нәтижесінде дуанбас түрлерінің 1874 жылы Стамбұлда тіркеуге алынған «дуанбас екені» байқалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар