13.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлемнің кейбір жаңалықтарына орын берген.

147054
13.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің «Іскерлер Стамбулда бас қосады» деген хабарында «Үлкен 20» тобы іскерлерінің Б-20 Түркия бастамасы жиналысының дүйсенбі күні өтетінін жеткізген. Газет жиналысқа премьер-министр орынбасары Али Бабажан мен Б-20 Түркия басқару алқасы төрағасы, Түркия палаталар және биржалар одағы басшысы Рифат Хисаржыклыоғлұның қатысатынына орын берген. Газет сонымен қатар жиналысқа ел іші және шетелден 300-ден астам кәсіпкерлердің орын алатынын баяндаған.


Ватан газетінің «Ұзақ жыл Түркияда қалады» деген хабарында Файнэншел Таймс газетінің Түркиядағы сириялық босқындардың жағдайына тоқталып, мемлекетке әкелген шығынын хабарлаған. Хабарда мемлекетін тастап кеткен сириялық босқындардың ұзақ жылдар бойынша Түркияда қалуы мүмкіндігін жеткізген. Файнэншел Таймстың «Сирияда үш жылдан астам жалғасқан ішкі соғыс салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғандар санының 9 миллионнан асқанын білдірді және аз санды босқындар қайтатынына сенуде. Бірақ көбі қайтудан қорқуда» деп жазғанын баяндаған.


Йени Шафак газетінің «Тамби Асад Ресейде сахнаға шықты» атты хабары бойынша Сириядан Түркияға паналап, отбасымен Бурсаға қоныстанған және президент Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығымен түрік азаматы болған әйгілі жас пианист Тамби Асадтың Ресейдің Санкт Петербург қаласында ұйымдастырылған халықаралық 6-шы Kavinsky музыка бәсекесінде бағын сынады. Тамби Асад Түркия атынан қатысқаны үшін мақтаныш сезінгенін білдірді.


Акшам газетінің «Орыстар цитруста тағы Тарканды қалауда» деген хабарында түрік цитрусының әлемдегі үлесінің арттырылуы үшін 2009 жылы әнші Тарканмен жарнама жасаған Цитрус таныстыру тобы биыл да Тарканмен жарнама жасауды жоспарлағанын мәлімдеген.


Миллиет газетінің «İstMarina әлемнің ең үздік құрылыс жобасы» жүлдесін алды деген хабары бойынша Стамбул Картал жағажайындағы İstMarina жобасы әлемнің ең маңызды жылжымайтын мүлік жүлделері арасында үміткер көрсетілген «International Property Awards»-те «2014-2015 құрылыс дамыту» категориясында «Әлемнің ең үндік жобасы» болып сайланды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар