11.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

144619
11.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «TPAO мұнай үшін Ангола және Мозамбикке барады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, мұнай мен табиғи газ іздеу жұмыстарын арттырған Түркия бағытын Африкаға айналдырды. Түркия мұнайлары Акционерлік қоғамы (TPAO) Бас директор орынбасары Бесим Шишман әрі ел көлемінде, әрі шетелде энергия резервтері іздеген бір фирма екендерін атап, Орталық Африкада TPAO ретінде жұмыстанатындарын жариялады. Мағлұматтарға қарағанда алдымен Мозамбик пен Анголада мұнай іздеу жұмыстары жүргізіледі.
Акшам газеті «2015 Түркия үшін табыс жылы болады» деп аталатын хабарында Түркия үшінші ширекте 1,7 пайыз өсті. ‘Standard Bank’ Дамыған елдерді зерттеу басшысы Тим Аш жасаған бағаландыруында ‘2014 Түркия үшін қайтадан реттеу жылы аталды. Тұрақты табыс түсіретін құралдар өте жақсы табыс әкелді. Мұнайда 10 долларлық арзандау бюджет тапшылығында 4 миллиард долларлық азаюды қамтамасыз етті” дегенін жазған.
Сабах газеті «Түркия Еуропа елдерінен әлде қайда өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия экономикасы жылдың 3-ші ширегінде болжамдардың астында қалған 1,7 пайыз өсу мөлшеріне қарамастан Еуроодақ пен Евро Аймағы экономикаларынан үстем күш ортаға қояды. Түркия Статистика Мекемесі (ТСМ) және Еуропа Статистикалық кеңсесі (Eurostat) мағлұматтарына қарағанда 18 мүшелі Евро Аймағы аталмыш кезеңде жылына 0,8 пайыз, 28 мүшелі Еуроодақ экономикасы да 1,3 пайыз өсті.
Йени Шафак газеті «АҚШ 69 жәдігерді кері қайтарды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ өткен жылы ақпан айында жүк тасымалдау фирмасымен Манисаның Салихли ауданынан жалған атпен мекен-жайға жіберілген және АҚШ-тың Нью-Джерси штатында Ньюмарк әуежайында қолға түсірілген 69 бөлек тарихи жәдігерді Түркияға қайтарды. 2 мың 500 жылдық жәдігерлердің Лидия дәуіріне тән екені жарияланды.
Хүррийет газеті «‘Telegraph’ оқырмандары әлемнің ең керемет 20 қаласын сайлады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ағылшын «Telegraph» газеті оқырмандарының әлемнің ең керемет 20 қаласын сайлады. Вена, Берлин, Санкт-Петербург, Барселона сияқты атақты қалаларды артта қалдырған Стамбұл тізімде 11-ші орында.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар