9.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және халықаралық кейбір жаңалықтарға орын берген.

209373
9.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің «Әлем үшін үміт болуы мүмкін» атты хабарында президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияға сапарлай келген Католик христиандардың рухани басшысы және Ватикан басқарушысы Папа Францискпен бірге өткізген ортақ баспасөз мәслихатына орын берген. Газет Ердоғанның Папамен бірге жолдайтын мәлімдемеміз Ислам және Христиан географиясына жетеді, сондай-ақ бейбітшілікке болған үміті артады» дегенін жеткізген. Хабарда Ердоғанның баяндамасында әлемнің Газаға, Месжид-и Аксаға көрсеткен сыңар жақты тұғырының көңілдерге ақау түсіргенін дәріптегенін білдірген.


Акшам газетінің «Алла Түркияны қорғасын» деген хабарында Анкараға сапарлай келген Католик христиандардың рухани басшысы және Ватикан басқарушысы Папа Францисктің Сирия мен Ирактан қашқан мыңдаған адамға есіктерін айқара ашқаны үшін Түркияға алғыс айтқанын жариялаған. Газет Папаның «Алла Түркияны қолдап, қорғасын. Бейбітшілік барлық жерге орнасын» дегенін жазған.


Йени Шафак газетінің «Түркия тәуелсіз шешім жасауда» деген хабарында Ресей президенті Владимир Путиннің Анкара зияраты қарсаңында Анадолу агенттігінің Түркия-Ресей қарым-қатынастары және халықаралық күн тәртібіндегі сұрақтарына жазбаша жауап бергенін жариялаған. Газет Түркияның сыртқы саясатында тәуелсіз шешім жасау күшіне назар аударған Путиннің түрік кәсіпкерлерінің Ресейге ет, сүт, балық өнімдері, жеміс-жидек экспортының арттырылуына бағытталған ниеттеріне болымды қарағандарын да атап өткенін жеткізген.


Хүрриет газетінің «Биржа Стамбулда дамиды» деген хабары бойынша Биржа Стамбулда кеше бір жаңалық болды. Ислам өркендеу банкінің шетелде жұмыс істеген 6,05 миллиард долларлық қарызға беру куәлігінің Биржа Стамбулда сатып алу жұмысына ашылуда.


Акшам газетінің «Тугче қайтыс болды» атты хабарында екі жас қызды жыныстық жәбірден құтқару үшін жанын пида етіп, миы жұмыс істеуден қалған Тученің дүниеге келген күні қайтыс болғанын жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар