23.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

202370
23.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Тарихи саммитте үлкен келісім» атты хабарында президент Режеп Таип Ердоған мен АҚШ президенті орынбасары Джо Байденнің кездесуінде Сирия мен Ирактың жан-жақты қолға алынғанын жазған. Хабарда Ердоғанның «Аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау үшін АҚШ-пен ынтымақтастығымызды тереңдетіп, одан мықты қылуға тұрақтымыз» дегенін атап көрсеткен. Газет Байденнің болса айтқан сөзінде «Асадсыз Сирия тақырыбында Түркиямен жақынбыз және бұдан кейін де осы жақындығымыз жалғасады. АҚШ ретінде Түркияға одан көп қажеттілігіміз бар» дегенін жеткізген.
Йени шафак газеті «Халепте Асадқа қарсы төңкеріс» тақырыпты хабарында Сирияның Халеп қаласында Сирия режимі армиясына үлкен бір соққы келгені атап көрсетілген. Газет оппозицияның бақылауындағы аймаққа кіргісі келген Асадқа қарасты әскерлердің өлтірілгенін жазған. Хабарда Ислами майданға қарасты жасақтардың әуе құпия ақпарат ғимараты маңында 20 әскерді қырғанын атап көрсеткен.
Хабер түрік газеті «Айналамызда зұлымдық режимдері мен террор ұйымы қаламаймыз» деп аталатын хабарында премьер-министр Ахмет Давутоғлуның Стамбұлдағы Атлант кеңесі энергия және экономика саммитінде айтқан сөзіне орын берілген. Газет Давутоғлуның «Айналамызда халқына зұлымдық жасап, үлкен босқын көшіне себеп болған режимдер мен осы күш әлсіздігінен пайдаланған террор ұйымын көргіміз келмейді» дегенін жазған.
Акшам газеті «Made in Turkey этикеткасы барлық әлемге жылдам тарауда» тақырыпты хабарында Түркияның экономикалық күшінің әлем баспасөзінің назарын аударғаны атап көрсетілген. Газет тақырыппен байланысты соңғы аналитиканың USA Today газеті тарапынан жарияланғанын білдірген. Хабарда USA Today газетінің Түркияның әлемнің ең маңызды өндіріс орталығына айналу ықтималы бар екені туралы сөз қозғалғаны жазылған.
Ватан газетінің экономика беттерінде жарияланған «жылдық экспорттары 2 миллиард долларға ұласты» тақырыпты хабарында Түркия трикотаж өнеркәсіпшілері қоғамы (TRİSAD) төрағасы және Стамбұл сауда палатасы Мәжіліс мүшесі Мұстафа Балкувдың Түркияның трико өндірісі тақырыбында ие болған тәжірибесі және know-how арқылы әлемде аса маңызды бір деңгейге көтерілгенінің тілге тиек етілгені атап көрсетілген. Газет Түркия трико саласының жылына 150 миллион дана өнім өндіргенін атап айтқан Балкувдың «Трико саласы ретінде экспортымыздың 75 пайызын Еуропа мемлекеттеріне жасаймыз. Әлемнің ең үлкен маркаларына жоғары деңгейде өнімдер береміз» дегенін атап көрсеткен.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар