21.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемнің кейбір жаңалықтарына орын берген.

200274
21.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «Түркиядан Солтүстік Иракқа жәрдем» атты хабарында ISIS-тің Солтүстік Ирак күрд аймағындағы Синжар мен Махмур қалаларына шабуыл жасағанда әлем және Түркия бұқаралық пікірінде «Түркия күрдтерді жалғыз тастады» деген түсінік болғанын, шындығында болса Түркиядан Солтүстік Ирак аймағына тез қырқынмен жәрдемдердің жеткізілгенінің аңғарылғанын жариялаған. Газет Ирак аймақтық әкімшілігі мәлімдемешісі Сефин Дизаий «Шабуыл басталысымен-ақ Түркиядан 72 сағат ішінде қару-жарақ, әскер жабдықтар және гуманитарлық жәрдем келді» дегенін хабарлаған.


Акшам газетінің «Әскерлерге қауіпсіздік аймақ» атты хабарына қарағанда Түркия мен АҚШ арасында ымыраға барған Еркін Сирия армиясы әскерлерін машықтандырғаннан кейін жабдықтандыру процесінің неге басталмағаны жарыққа шықты. Анкараның Сирияның солтүстігінде қауіпсіздік аймақ құру шарты аңғарылды. Дипломатиялық қайнар көздер «Еркін Сирия армиясының әскерлерін машықтандырып жабдықтандырғаннан кейін Асад әскерлерді бомбалайтын болса, онда талпыныстар босқа кетеді» деді.


Сабах газетінің «Африкаға 5 миллион долларлық жәрдем» атты хабарында Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның 2-ші Түркия-Африка Әріптестік Саммитінде жасаған баяндамасында денсаулық тақырыбының маңызды екенін айтқанын білдірген. Газет Чавушоғлұның құрлықта кездескен мәселелерді шешетінін дәріптегенін жариялаған. Сонымен қатар газет Чавушоғлұның Түркияның Эбола жұқпалы аурулары жайлы қаржылай жәрдем беретінін түсіндіргенін және 5 миллион долларлық жәрдем пакеті тақырыбында жұмыс істегенін баяндағанына орын берген.


Хабар Түрік газетінің «Әлемде ешкім Түркияны Ирандай сүйе алмайды» атты хабарында Иранның Анкара өкілетті және төтенше елшісі Ализера Бикделинің «Әлемде ешкім Түркияны Ирандай сүйе алмайды. Біздің тарихымыз, мәдениетіміз және тегіміз түріктермен біте қайнасқан» дегенін жариялаған. Газет елші Бикделинің «Соңғы жылдарда жасалған шектеме кесірінен Түркияны тіпті көп және өте жақсы тыну орайын таптық. Осы шектеме арқылы Түркияның маңыздылығын аңғардық» дегенін жеткізген.


Сабах газеті «Түркияда шылым шеккендердің саны азайды» деген хабарында Түркия шылым және шылыммен күресу қоғамы төрағасы Мұстафа Айдынның шылымның зияндары жөнінде адамдардың түсіне бастағандарын айтқанын хабарлаған. Газет Айдынның «Түркияда 15 жыл бұрын 30 миллион адам шылым шексе, қазір бұл көрсеткіш 20 миллионға түсті» дегеніне орын берген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар