25.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Түркиядағы тарихи қаланың ЮНЕСКО тізіміне кіргеніне байланысты хабарларға кең орын берген.

170673
25.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Ани тарихи қаланы ЮНЕСКО үшін дайындауда» деп хабарлады.


Мәдениет және туризм министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «1001 шіркеу» және «40 жабық қала» аталған Ани Тарихи қаласының ЮНЕСКО Әлем мұралары уақыттық тізіміне кіргені ескертілді. Енді тарихи қаланың 2016 жылы негізгі тізімге кіріп, адамзат тарихында қақы болған орынға жетуін нысанаға алғандары білдірілген мәлімдемеде Мәдениет және туризм министрі Өмер Челиктің Анатолыдағы барлық мәдениеттердің қорғалуы және адамзат мұрасына сыйлануы үші еңбектенгені білдірілді.»
Хабар Түрік газеті «Ирактың жаңа вагондарын Түркия қамдайды» деген тақырып қолданды.
Газет Қатынас, теңізшілік және коммуникация министрі Лутфи Елван Ирактың жаңа пойыз жабдықтарын Түркия тарапынан өндіріле бастағанын білдіріп, Түркия Вагон өнеркәсіп фирмасы жасап бітірген 6 вагонның ай соңында ирактық лауазымдыларға тапсырылатынын білдірді.»
Миллиет газеті «Саудада кореялық сюпризі» деген тақырыптағы хабарында кейбір сауда-саттық орталықтарында шетелдіктердің 70 пайызға дейін жеткенін айтқан газеті Сауда-саттық орталықтары мен бөлшек сатушылар федерациясының төрағасы Вахап Кучук «Араб және әзірбайжандықтар мен қоса,биыл Оңтүстік Кореядан келген турист санының артуы назар аударғанын» білдірді.
Стар газеті «Туризмде оттан секірдік» деген тақырыппен берді хабарын.
Түркияға келген турист саны алғашқы 9 айда өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 6.11 пайыз артып, 30.9 миллион адамға жетті.
Соңғы кезеңде Түркияның төңірегінде болып жатқан дағдарыстарға қарамай турист санындағы артуды бағаландырған Түркия Саяхат агенттіктері одағының төрағасы Башаран Улусой «Айналадағы от ортасына қарамай, туризмде табысқа жеттік.Түркия туризмі оттан аттануды да үйренді» деп көрсетті.
Мәрмәр теңізінде Кит балығының ата-тегі ретінде қабылданған қалдықтарды зерттеген Гебзе Дікілітас түбегінде зерттеу жүргізген ғалымдар балықтың қалдығын тапты. Ғалымдар аталмыш қалдықтардың диназорлармен бір дәуірде өмір сүрген 340 миллион жылдық 16 метр бойындағы теңіз жәндігі екені анықталды» деп хабарлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар