22.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

166432
22.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

«Сабах» газеті «АҚШ Түркияның үш шартын қабылдады» деген хабар жариялаған.

Түркияның пешмерганың жерінен Айн әл Арабқа (Кобани) өтуіне рұқсат беруінің артында үш маңызды шарт ортаға шықты. АҚШ тарапынан да қабылданған шарттарға қарағанда:


-Кобаниде қалыптастырылатын қорғаныс жасақтары террор ұйымы PYD-PKK бақылауына өтпейді. Сирия күрдтері Ұлттық мәжілістің шешімі аясында бүкіл күрд топтардан тұратын қауіпсіздік күшін қалыптастырады.
-Террор ұйымы PYD-нің демократиялық автономдық талабында бұйрық жүрмейді.
-ISIS терроры жойылғанда құрылатын демократиялық Сирия жерінде халықтардың шешіміне құрмет көрсетіледі.


Йени Шафак газеті «Үшінші атомдық станса толығымен отандық болады»
Энергия министрлігінде өткен жиналысқа қатысқан премьер-министр Ахмет Давутоғлу энергия ұсынуды кепілге алу үшін атомдық энергияның шарт екенін айтты. Хабарға қарағанда, Давутоғлу «Үшінші атомдық станса 2018-2019 жылдардан бастап толығымен отандық болады. Бұл үшін нұсқау бердім» деді.


Стар газеті да қаржы саласынан бір хабарға орын берген. Әлемдік банктің Түркия директоры Мартин Райсер Түркияның мықты қаржы саласы мен тамырлы кәсіпкерлік дәстүрін мақтап, «Түркия осы ерекшеліктерін көрсете білуі керек» деді.


Әлемдік банктің шамамен үш жылдан бері Түркия директоры міндетін атқарған Мартин Райсер Түркияның аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда артықшылығы көп екеніне назар аударып, «Түркияның кейбір қабілеттері оны таңдаулы және мықты қылады. Осы ерекшеліктерінен басқа жас тұрғын саны және жоғары өсім әлеуетіне де ие» деді.


Акшам газеті «Босқындарға әділет кинода» деген хабар жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда, биыл төртінші рет ұйымдастырылған Халықаралық Қылмыс және жаза фильм фестивалінің ұраны «Барша үшін әділет». Кино фильмдердің тақырыбы болса көш. Стамбул Университеті Құқық факультеті басшылығында жүзеге асырылған фестиваль арқылы босқындардың мәселелеріне назар аудару, құқықтық сана мен әділет түсінігін жетілдіру мақсат етілуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар