14.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

156456
14.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Түрік баспасөзіне шолуымызды Радикал газетімен бастаймыз.

Радикал газетінің интернет парақшасындағы «Еуроодақ Кобаниден қашқан босқындарға жәрдем жасайды» деп аталатын хабарында Еуропа Одағы комиссиясының ISIS шабуылдары шоғырланған Кобаниден қашып, Түркияны паналаған босқындарға жәрдем беруге шешім қабылдағанын жазған. Газет Еуроодақ комиссиясының жексенбі күні жасаған мәлімдемесіне қарағанда 3.9 миллион евро көлеміндегі жәрдем Түркиядағы гуманитарлық жәрдем мекемелеріне таратылады. Жіберілген қаржылай жәрдем босқындар үшін баспана, ауыз суы, азық-түлік және дәрі-дәрмек сияқты материалдар сатып алуға жұмсалады.
Сабах газеті «Дін істері қоры жеті құрлықты Құрбан айт қуанышына бөледі» деп аталатын хабарында Түркия Дін істері қорының 70 ел мен ел көлемінде 558 аймақта барлығы 174 қала мен аудан орталығында құрбан шалып, таратқаны атап көрсетілген. Газет қордың осы көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда 52% артқанын білдіргенін жазған.
Акшам газеті «Алдам жүзін анықтау жүйесімен 2020 Токио олимпиадасына үміткерміз» деп аталатын хабарында құрылыс, текстил, азық-түлік және қызмет салаларында әлемнің әртүрлі елдерінде жұмыс істеп жатқан түрік инвесторларының технология саласында да маңызды бір табысқа қол таңба қалдырғаны атап көрсетілген. Газет білім алу үшін Токиоға барған Сади Вуралдың адам жүзін анықтау технологиясымен дүниежүзілік бір маркаға айналғандарын айтқанын білдірген. Хабарда «2020 Олимпиада ойындары үшін адам жүзін анықтау технологиясына үміткер фирмамыз» деген Вуралдың NIST Америка стандартизация орталығында әлемде екінші орын алғандарын атап көрсеткені жазылған.
Хабертүрік газеті «Жолға шықтық» деп аталатын хабарында автокөлік өнеркәсібі қоғамының қыркүйек айында автокөлік өндірісін 4% арттырып, 116.281 көлікке жеткізгендерін, экспорттың да 8% артып 83.111 көлікке ұласқанын мәлімдегенін атап көрсеткен. Газет осылайша экспорттың алғашқы 9 айлық кезеңде 6 пайыз артып 653.084 көлік ретінде жүзеге асқанын жазған.
Миллийет газеті «Францияға бағыт алды, ендігі кезекте Ресей бар» деп аталатын хабарында МҮСИАД-тың Францияның астанасы Парижде өкілдік ашқаны атап көрсетілген. Газет төраға Наил Олпактың МҮСИАД-тың 60 мемлекетте 155 өкілдік ашқанын атап, Брюссель, Вашингтон, Пекин және жаһандық шешім қабылдаушы орталықтармен Мәскеу және Эфиопияның астанасы Аддис Абабада да өкілдік ашу үшін басталған жұмыстардың жалғасқанын мәлімдегенін жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар