04.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер аймақ және әлем жаңалықтарына орын берген.

149302
04.10.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгін Құрбан айттың бірінші күні. Құрбан айттарыңыз қабыл болсын. Баршаңызға денсаулық, адамдық тілейміз.
Газеттер оқырмандарының Құрбан айтын құттықтаса, Йен Шафак газеті «Олар мерекені өз елінде тойлай алмайды» деген хабарында Түркияның 1 миллион 800 мың сириялықтың Құрбан айтты Түркияда өткізгенін жазған. Газет босқындардың Түркияға ризашылықтарын білдірсе де, үйлерін сағынғанын және мерекені өз елінде өткізгісі келгенін хабарлаған.
Миллиет газеті «Түркия аймақтың үміті» атты хабары бойынша президент Режеп Тайып Ердоғанның Құрбан айт мәлімдемесін жеткізген. Ердоған мәлімдемесінде «Біз аймағымызда бейбітшілік, қауіпсіздік және бақыт қалаймыз. Аймағымыздағы ешқандай елдің ішкі істеріне араласпаймыз. Ешқандай елдің территориясына көз тікпейміз. Құрбан айт жомарттықты, селбесуді, кедей-кепшікке көмектесуді білдіреді» дегенін жариялаған.
Хабар Түрік газеті де президент Ердоғанның Сүлейман Шах Сайғы жандармериясы қызметкерлеріне жолдаған хатын «Ердоған Сүлейман Шах мәлімдемесі» атты тақырыбымен хабарлаған. Газет президент мәлімдемесінде «Жалғыз емессіздер. Қажетті болған жағдайда Түрік Қарулы Күштеріміз қастарыңызда болады» дегенін білдірген.
Йени Шафак газеті «Швеция Палестина мемлекетін мойындады» деген хабарында Швецияның жаңа сайланған орталық сол үкіметінің палестина мемлекетін мойындағанын жеткізген. Швеция осы қимылы арқылы Палестинаны мойындаған тұңғыш Еуропа елі болды.
Миллиет газеті «Бейбітшілік телефонына Түркиядан жолдама» атты хабарында 40 елден 100 елшінің барша әлемде «Соғысқа қосылмаймыз» дейтінін білдірген. Бірінші Дүниежүзілік соғысының 100-ші жылдығына орай бүгін басталатын «Бейбітшілік телефоны» атты іс-шарада соғысқа қатысқан елдердің 100 елшісі бір-біріне телефон соғып, бейбітшілік жөнінде үндеу тастайды. Түркияның жолдамасын да 14 жасар Ада Сунгар жеткізіп, әлем соғысына қарсы шығады.
Стан газеті «Fitch Түркияның баллын қорғады» атты тақырып арқылы Халықаралық несие дәрежелендіру ұйымы Fitch Ratings-тің Түркияның несие баллын BBB- ретінде белгілегенін жазған. Газет осылайша Түркияның несие баллы «инвестиция салуға болады» деңгейінде болғанын мәлімдеген.
Хүрриет газеті «Әйел баскетбол құрамасы жартылай финалда» деген хабарында ФИБА Әйелдер әлем чемпиондар лигасының ширек финалында Түркия А ұлттық әйел командасы Сербияны 62-61 есебімен жеңіп жартылай финалға көтерілгенін хабарлаған. Газет Түркия жартылай финалда бүгін кеште саған 19:00-де Испаниямен бәсекелесетінін жариялаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар