27.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды тақырыптарға орын берген.

141067
27.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Миллиет газеті президент Ердоғанның ел оралғандағы мәлімдемелеріне орын берген.

Хабарға қарағанда, президент Ердоған ISIS-пен күреске байланысты «Басылатын қадамдарда негізгі үш аспект өте маңызды. Бұлардың бірі ұшуға тыйым салынған аймақтың жариялануы және кепілге алынуы. Екіншісі аралық аймақтың Сирияда қалыптастырылуы. Үшіншісі де осында осы үдерісті кіммен, қалай басқарамыз? Бұларды талқылау» деді.


Акшам газеті «Гуманитарлық көмек тақырыбында алғашқы ондықтамыз» деген тақырып жариялаған. Вице-премьер Ялчын Акдоған Түркияның гуманитарлық көмек тақырыбында соңғы жылдары үлкен жетістікке қол жеткізгенін атап көрсетті. Хабарға қарағанда, вице-премьер «Түркия ең мықты он экономика қатарында емес. 2023 жылға мақсатымыз осы ондыққа ену. Бірақ ондыққа іліккен кейбір тақырыптар бар, бұлардың бірі гуманитарлық көмек тақырыбы. Халықаралық гуманитарлық көмек тақырыбында ондыққа енген Түркия өз экономикасынан да асып түскен бір Түркия» деді.


Сабах газеті «Таяу Шығыс пен Африкаға түрік Скорскийі» деген тақырып қолданған.


Ақпан айында жалпы мақсатты тікұшақ жобасы үшін Түркиямен 3,5 миллиард долларлық келісімге келген Американдық Sikorsky Aircraft компаниясы Түркияда өндіретін тікұшақтарын Таяу Шығыс пен Африкаға сатуға дайындалуда. Компанияның Таяу Шығыс, Түркия және Африка төраға орынбасары Энанд Станлей қыркүйек айы басында Түркия кеңселерін Таяу Шығыс және Африка аймағының орталығына айналдырғандарын және осы аймаққа экспортты Түркия арқылы жүргізе бастайтындарын айтты.


Хүрриет газеті «Sharp компаниясының Еуропадағы құқықтары енді Вестелдікі» деген тақырыппен хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түріктің Вестел компаниясы Sharp компаниясымен лицензия келісіміне қол қойды. Вестел Sharp брендімен түрлі электрлі жиһаздар өндіру, жетілдіру және Еуропада сату құқықтарын алды. Вестел 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Вестел зауыттарында және Азиядағы базаларда Sharp брендімен өндірілген өнімдердің Еуропадағы өкілетті сатушысы болады»


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар