21.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттердің барлығында ISIS лаңкестік ұйымы тарапынан үшеуі ирактық барлығы 49 бас консулдық қызметкерінің Мосулда кепілге алынып, артынан 101 күннен кейін еркін жіберілген дипломаттар мен отбасыларының хабарларына кең орын берілген.

133847
21.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Тақырыппен байланысты жаңалықтарды жаңалықтар парақшаларымыздан оқуға болады.
Йени шафак газеті «200 миллиард долларлық үлкен одақтастық» тақырыпты хабарында Әзірбайжанда Оңтүстік кавказ табиғи газ құбыр желісінің ірге тасын қалау мерәсімінің ұйымдастырылғаны жазылған. Хабарға қарағанда 45 миллиард доллар жұмсалатын Оңтүстік табиғи газ коридоры Шахтеңіз 2 жобасы аясында өндірілген табиғигаз Түркия мен Еуропаға тасымалданады. Газет келісімдермен күткен табыс мөлшерінің 200 миллиард доллар екенін, құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталатын жобамен алғашқы сатыда тасымалданатын 16 миллиард текшеметрлік газдың 10 миллиардының Еуропаға, 6 миллиардының болса Түркияға берілетінін білдірген.
Миллийет газеті «Стамбұлдағы таксилер үшін жаңа кезең басталады» деп аталатын хабарында ИСТАКСИ жобасымен Стамбұл таксилерінде жаңа бір кезеңнің басталатыны атап көрсетілген. Хабарға қарағанда бұдан былай такси қызметі одан қауіпсіз болады, жолда такси күту кезеңі аяқталады такси жүргізушілері жарнама табыстарымен қосымша ақша табады. Газет Стамбұл муниципалитетіне қарасты ИСПАРК-тың Стамбұлдағы барлық таксилердің «операторлық қызмет мен интеграция жобасын» іске қосатынын жазған.
Ватан газеті «Тадым фирмасы дәсдеуіштерін Германияда өндіреді» деп аталатын хабарында пакеттелген дәмдеуіш саласының 43 жылдық маркасы Тадымның Түркияның артынан шетелдегі тұңғыш өндіріс орнын Германияда ашатынын жазған. Хабарда Тадым азық-түлік фирмасының Германияда 100 пайыз акциясы қолында болған ‘Tadım GmbH’ серіктестігін құрып жүзеге асырған инвестицияны 2015 жылдың ақпан айында іске қосатынын білдірген.
Хүррийет газеті «Қастандықтарда 74 пайыз азаю» деп аталатын хабарында Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткі және қылмыс кеңсесінің соңғы мағлұматтарына қарағанда қақтығыстар ең көп болып жатқан елдерде соңғы 15 жылдың ішінде қастандық оқиғалары 40 пайыз азайды.
Хабарда араларында Түркия да бар 88 елден 67-сінде оқиғалардың азайғаны, дегенмен 20 елде болса керісінше назар аударарлық мөлшерде артқаны жазылған. Жарияланған тізімде 1993-2012 жылдары арасында оқиғалар 74 пайыз азайған Түркияның, Тәжікстан мен Шри-Ланкадан кейін 3-ші орын алғаны білдірілген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар