18.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

130104
18.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хүррийет газетінің «Қауіпсіздік жиналысынан ISIS-пен күрес шешімі шықты» деп аталатын хабарында Чанкая резиденциясында президент Режеп Таип Ердоған басшылығында жүзеге асқан Қауіпсіздік жиналысының 3 сағатқа жалғасқаны білдірілген. Газет жиналыста Америка Құрама Штаттары жариялаған коалиция құрамында Түркияның қандай орын алатынының бағаландырылғанын және коалиция күштерімен ынтымақтастық шешімі қабылданғанын жазған. Хабарда осы шешімдердің бірі ретінде аймақтағы барлық террор ұйымдарына қарсы күрес тақырыбында Түркияның одақтастарымен жүргізген саясатын жалғастыруы себеп боп атап көрсетілді. Хабарға қарағанда осы аяда құпия ақпарат бөлісу жұмыстарының АҚШ бастап, коалиция күштері және ISIS-ке қарсы күрескен әр мемлекетпен жалғастыруға шешім қабылданды.
Акшам газеті «Испания Түркияға патриот зымырандарын жібереді» деп аталатын хабарында Испания Қорғаныс министрі Педро Моренестің НАТО бағдарламасы аясында Голландияның орнын алу үшін Түркияға патриот батареясы мен әскери қызметкер жіберілетінін мәлімдегені жазылған.
Хабарда 4-5 қыркүйек күндері арасында Уэльсте өткен НАТО саммитінде НАТО-ның Түркиядағы бағдарламасын жоспарлағанын білдірген Моренестің осы аяда Испанияның 6 патриот зымыран батареясы мен 130 әскери қызметкерін Түркияға жіберетінін мәлімдегені жазылған.
Сабах газеті «Темекі тыйымының күні белгіленді» деп аталатын хабарында Денсаулық сақтау министрі Мехмет Мүеззиноғлуның ашық алаңдарда темекі шегуге тыйым салынуы жайлы заңнаманың Жаңа жылдан бастап, іске қосылатынын айтқанын білдірген. Хабарда Мүеззиноғлуның «Парктерге, аурухана мен ғибадатхана аулаларына темекі шегетін орындар жасалуы, халыққа ашық ресторан мен кафелер сияқты ашық алаңдарда болса темекі шегетін бөлмелер жасау сияқты заңдық реттеулерді дайындаймыз» деген сөздеріне орын берілген.
Стар газеті «5-ші Стамбұл Қаржы саммиті аяқталды» деп аталатын хабарында саммиттің жабылу баяндамасын жасаған Қаржы министрі Мехмет Шимшектің «Инфляцияның ең жоғары сатыға көтерілгенін ойлаймыз, осыдан кейін мықты реттеулермен инфляцияны 5-7 пайыз аралығына, орта және ұзақ мерзімде 5 пайыздың астына түсіреміз» деген сөздеріне орын берілген.
Радикал газетінің интернет парақшасындағы хабарында «Бұл мамандықты таңдайтындар жұмыссыз қалмайды» деп аталатын хабарында Түркиядағы авиация саласының соңғы жылдары жылдам өскені жазылған. Хабарда 2013 жылынан бастап авиация саласында жолаушы саны 150 миллионға, белсенді әуежайы санының да елу екіге ұласқаны білдірілген. Хабардың жалғасында әуе жолы фирмалары саны мен сапасының артуы, бәсекелестіктің алға шығуы, әуежайларының физикалық шарттарының жақсаруы және замандас бір көрініске ие болуы сияқты ерекшеліктердің салаға бағыт бергені жазылған. Осылайша бұл саланың жұмыс іздеген жастар үшін таңдаулы мамандыққа айналғаны, саладағы ең үлкен жұмыс күші қажеттілігінің де стюардессалық екені атап көрсетілген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар