13.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

124078
13.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хүрриет газеті Анкараға кеше келіп кеткен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри хабарына орын берген.

Хабарға қарағанда, ISIS-пен күресте Түркияның қолдауын сұрауға келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри «Арамызда болыңыз» деді. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, президенті Режеп Тайып Ердоған және премьер-министр Ахмет Давутоғлу тарапынан қабылданған Джон Керриге Түркияның коалицияға белсенді түрде қосылмайтыны, гуманитарлық көмек пен логистикалық мақсатты қолдау беретіні айтылды. Аймақтағы барлық террор ұйымдармен күресу тақырыбында келісіліп, Керриге ISIS-пен күресте Асад жүйесін ұмытпау керектігі жеткізілді.


Миллиет газеті: «Ирак газы 3 жыл кешігеді» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия министрі Танер Йылдыз Ирак газының аймақтағы қақтығыстар салдарынан үш жыл ішінде экспортталатын деңгейге келетінін айтты. Министр Йылдыз Газиантептегі Энергия саммитінде сөйлеген сөзінде «Әсіресе соңғы үш айдағы оқиғалар Ирак газының тағы үш жылға кешігетінін көрсетіп отыр» деді.


Йени Шафак газеті «Азық-түлік бағасы үшін комитет құрылады» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Қаржы министрі Мехмет Шимшек инфляцияға кері әсер еткен азық-түлік бағасы туралы «Осы салада микро реформалар жасайтын бір комитет құрылады» деді. Министр геосаяси келіспеушіліктер көп болып жатқан кезең екенін айтып, Еуроодақта да тоқыраудың жалғасып жатқанын, бұған қарамастан жылдың алғашқы жартысында Түркияның 3,3 пайыз өскенін айтты.


Сабах газеті «Папа Франциск Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. Түркияның Ватикандағы өкілетті елшісі Проф. Кенан Гүрсой католик әлемінің рухани басшысы Папа Францискке Түркия сапарына байланысты шақырудың жеткізілгенін білдірді. Хабарға қарағанда қараша айының аяғына қарай жоспарланып отырған сапар арқылы Папа Франциск Түркияға келген төртінші папа болады. Түркияға соңғы рет 2006 жылы Папа 16-шы Бенедиктус келген еді.


Стар газеті спорт жаңалықтарына орын беріп, «Сұлтандар Римге кетті» деген хабар жариялаған. 2014 FIVB Әлемдік чемпионаты дайындықтарын жалғастырған Түркияның әйелдер волейбол құрамасы Италияға аттанып кетті. Түрік волейболшы қыздар Әлемдік чемпионат қарсаңында Римде дайындық матчына шығады. 16 қыркүйек күні де Нидерландыға баратын команда 17-18 қыркүйек күндерінде Нидерланды құрамасымен екі матчқа шығады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар