08.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

117782
08.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Нью-Йоркта Газа фестивалі» атты хабарында Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында Израильдің Газа шабуылдарын және палестиналықтар шеккен зұлымдықты арқау қылған фильмдер көрсетілетін Газа кинофестивалі ашылғанын білдірген.

Хабарға қарағанда фестивальдің алғашқы күні «Газаның көз жасы» және «Ұшатын қағаз» фильмдері көрсетілді.


Осы газет «Нәсілшіл қысымға шыдай алмады» атты хабарында Италияның тұңғыш орамал таққан мұсылман қалалық мәжіліс мүшесі Айча Месрардың отставкаға кеткенін хабарлаған. Марокколық Месрар 23 жылдан бері осы елде тұрады. Хабарға қарағанда енді ол балаларын қорғау үшін осы елден кетуге дайындалуда.


Ватан газеті әлемнің ең ірі бағдарламалық жасақтама компаниясы Oracle, технология алпауыты Самсунг пен Сименстің Түркияны таңдағанын хабарлаған. Газет алпауыттардың Гебзеде 3 миллион шаршыметр алаңға құрылатын ІТ алқабында орын алатындарын жазған. Хабарда 2015 жылдың аяғында ашылатын Түркияның «силикон» алқабында болашақтың технологиялары жетілдірілетіні айтылған.


Стар газетінің экономика бетінде «Әуежайларына 8 айда 110 миллион жолаушы келді» атты хабарында Мемлекеттік әуе жайлары басқармасының деректеріне орын берілген. Деректерге қарағанда, Түркия көлеміндегі әуежайларынан тамыз айында қызмет алған жолаушы саны 19 миллион, 8 айлық кезеңде жолаушы саны 110 миллионнан асқан. Ұшақ рейстері болса өткен жылдың тамыз айына қарағанда ішкі желіде 10,8 пайыз артып, 74 мың, сыртқы желіде 9 пайыз артып, 69 мың , барлығы 9,9 пайыз артып, 143 мың болды.


Миллиет газеті «Интернет қолдану әлем орташасынан жоғары» атты хабарында Түркияның интернет қолдануда әлем орташасынан асып түскенін жазған. Түркия ақылды телефон қолдануда да әлем орташасынан жоғарыда. Хабарға қарағанда Түркия ақылды телефонды көп қолданған алғашқы елу ел қатарында.


Йени Шафак газеті «Көрұғлұ ЮНЕСКО мұрасы болу жолында» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Болу қаласы Көрұғлұның ЮНЕСКО мәдени мұра тізіміне алынуын қамдайтын бір фестивальге дайындалуда. Түркі әлемінен жүздеген қонақ келетін фестиваль 26-28 қыркүйек күндері өтеді. Фестиваль әділет пен батырлықтың символы Көрұғлұны әлемге таныстыруды мақсат етеді. Хабарға қарағанда, фестивальге түрік киносының жұлдызы Түркан Шорай құрметті қонақ ретінде қатысады.


Акшам газеті түрік баскетболшыларының жеңісін хабар қылған. Газет түрік баскетбол тарихына тағы бір жеңістің енгенін хабарлаған. FIBA Әлем кубогында екінші тур матчында түрік құрамасы Аустралия командасын жеңіп, ширек финальге көтерілді. Ендігі кезекте түрік баскетбол командасы Литва командасымен сайысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар