21.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

98384
21.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Миллийет газеті «Түрік журналистке АҚШ полициясынан жәбірлеу» деп аталатын хабарында Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танжу Билгичтің Анатолы агенттігі тілшісінің АҚШ-тың Фергусон ауданында полиция тарапынан жәбірленіп, тергеуге алынуы жайлы «Анатолы агенттігі тілшісіне АҚШ-та жасалған әрекет қабылданатындай емес. АҚШ мекемелерінен бұл жағдайға ес бұрын тілейміз. АҚШ-та қарусыз қара нәсілді Майкл Бровнның полиция тарапынан өлтірілуінің артынан оқиғалар басталып, Сент Луис қаласының Фергусон ауданы маңында шерушілер мен полиция арасында шықты. Қақтығысты түсіріп жатқан Анатолы агенттігі тілшісі Билгин Шашмаз полиция тарапынан жәбірленді» дегенін жазған.
Стар газеті «Түркияға тікелей инвестиция артты» деп аталатын хабарында Экономика министрі Нихат Зейбекчидің Түркияның халықаралық инвесторлар үшін сенімді бір порт және қызықтыратын ел болу ерекшелігін жалғастырғанын айтқанын білдірген. Газет Зейбекчидің жылдың алғашқы жартысында жүзеге асқан 6 миллиард 763 миллион долларлық халықаралық тікелей инвестиция көлемінің болса, мұның ең нақты дәлелі екенін атап көрсеткенін жеткізген.
Йени шафак газеті «17 күндік қиын жолаушылық аяқталды» деп аталатын хабарында Ирак-Левант экстремисттік ұйымы ИЛИМ-нің шабуылдары нәтижесінде елді-мекендерін тастаған 600 езидтің 17 күн жалғасқан қиын жолаушылығының Улудеренің Ортасу ауылы маңынан Түркияға өткен соң аяқталғаны жазылған. Хабарда езидтердің жаяу келгенін үйренген Ортасу ауылы тұрғындарының трактор және жеңіл көліктерімен шекарадан өтіп, Ирак жерінен көліктеріне мінгізгендері босқындарды ауылдарына әкелгені атап көрсетілген. Газет Ортасу бастауыш мектеп ғимаратындағы сыныптар мен мектеп ауласына орналастырылған езидтер үшін шатыр құрған ауылдықтардың қонақтарына ас пен су ұсынғанын науқастарға да дәрі-дәрмек бергенін білдірген.
Сабах газеті «Ататүріктің яхтасы Саворона жүзуге дайын» деп аталатын хабарында Түркия Республикасының құрушысы ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүріктің соңғы күндерін өткізгені 83 жылдық Саворонаның 10 айға жалғасқан жөндеу жұмыстарының артынан жүзуге дайын екені жазылған. Газет мемлекет басшыларының маңызды жиналыстары мен маңызды қабылдаулар үшін қолданылатын яхтаның «тәжірибе сапарынан» табысты оралғанын хабарлаған. Газет Стамбұл Куручешме портында қаңтар айынан бері аялдап тұрған Ататүріктің мұрасы яхтаның тарихтағы қызметіне жарасатын түрде мемлекет басшыларының Түркияда және шетелде жүзеге асатын жиналыс пен кездесулеріне абырой көрсету мақсатты дайын екенін білдірген.
Хүррийет газеті «Волейболдың сұлтандары тарихи жеңіске қол жеткізді» деп аталатын хабарында 2014 FIVB Бүкіләлемдік ‘Grand Prix’ финалдарының алғашқы матчында әлемнің №1 командасы ретінде аталған Бразилиямен ойнаған Ұлттық құрама волейбол әйелдер командасының қарсыласын 3-2 жеңіп тарихи бір жеңіске қол жеткізгені жазылған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар