17.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды тақырыптарға орын берген.

93423
17.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті Газадан бір хабар жариялаған Хамас ұйымының ресми спикері Әбу Зухри түбегейлі келісім үшін Израильдің Газа қоршауын жоюға шақырды. Газет Зухридің жазбаша мәлімдемесінде «Газадағы қоршаудың жойылуы, аймақтың құрылысы және шабуылдардың тоқтатылуы талабына оң жауап берілуі Израиль мен палестиналықтарды түбегейлі келісімге жақындата түседі. Бұдан басқа барлық нәрсе қиындата түседі» деген сөздер қолданғанын білдірген.


Хабертүрік газеті «Израильдің медалін кері қайтарды» атты хабарында 91 жасар нидерландтық Хенк Занолидің Израильдің өзіне берілген медалын кері бергенін білдірген. Занолиге Екінші дүниежүзі соғысы кезінде бір еврей баласын аман алып қалғаны үшін медаль берілген болатын. Ал ол осы медальді Газа шабуылында 6 тумасы қайтыс болғандықтан кері қайтарғанын атап көрсетті.


Йени Шафак газеті Нью-Йорк Таймс газетінің иесі Артур Шульзбергердің Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуна хат жолдағанын хабарлаған. Американдық медиа басшысы Иракта тікұшақ апатында жараланған екі тілшінің Стамбулға әкелінуі тақырыбында Түркияның ынтасына алғыс білдірді.


Сабах газеті қазірге дейін 1145 адам қаза тапқан эбола індетінің өршіп бара жатқанына назар аударды. Хабарда вирусты жұқтырған көптеген адамның емделудің орнына үйіне тығылғаны айтылды.


Йени Шафак газеті Непальдің батысында муссон жаңбыры жол ашқан сел мен топырақ көшкінінде 54 адамның опат болғанын хабарлады. Газет бас қала Катмандуның 400 км батысындағы 10 аймақта үйлер мен жұмыс орындары су астында қалды. 142 адамнан хабар алынбай отыр.


Сабах газеті «Одеобанкқа сыйлық» атты хабар жариялады. Түрік банк саласының ең жас банктерінің бірі Одеабанк халықаралық бизнес әлемінің жоғары сыйлығы Stevie Awards-та 14 сыйлық алды. Хабарға қарағанда аталмыш банк өзгеше өнім мен қызметтеріне орай 13 аталымда 14 сыйлыққа лайықты деп табылды.


Ватан газеті «Әйелдер үшін пляж ашылды» атты хабарында Анталия муниципалитетінің тек әйелдерге қызмет беретін жобасына орын берді. Хабарға қарағанда Муниципалитет төрағасы Мендерес Түрел «әйелдердің талабын орындадық. Оларға өздерін еркін сезінетін пляж сыйладық» деді.


Хүрриет газеті арасында Түркия да бар 18 елде жүргізілген бір зерттеуге орын берді. Зерттеу «тұзды дұрыс қолданудың» маңызын көрсетті. Зерттеуге қарағанда тұзды көп тұтынумен қатар аз тұтыну да зиянды. Хабарда айтылғанға қарағанда, күніне 3 грамм тұз қан қысымына әсер етпейді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар