12.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер президент сайлаудың жаңғырықтарының жалғасқаны жайлы жаңалықтарға кең орын берген

88249
12.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газеті «Бірге жұмыстануға асығамын» деп аталатын хабарында әлем мемлекет және үкімет басшыларының Түркия Республикасының 12-ші президенті сайланған премьер-министр Режеп Таип Ердоғанды құттықтағанын атап көрсеткен. Газет АҚШ президенті Барак Обаманың «Ердоғанмен осы жаңа қызметінде бірге жұмыстануға асығамын» дегенін жазған.
Миллийет газеті «ЕО: Ынтымақтастықты дамыту үшін асығамыз» деп аталатын хабарында Еуропа Одағы кеңесі төрағасы Херман Ван Рампуй мен ЕО комиссиясы төрағасы Хозе Мануэл Баррозудың 10 тамыз сайлауында президент ретінде сайланған премьер-министр Режеп Таип Ердоғанды құттықтап, ынтымақтастық арттыруға ниет білдіргені атап көрсетілген. Газет жасалған ортақ жазбаша мәлімдемеде Түркияның «Келіссөз кезеңі жалғасқан бір үміткер ел, бір көрші, маңызды бір сауда ортағы, сыртқы саясатта одақтас ретінде ЕО тұрғысынан кілт роль атқаратын бір ортақ» деп бағаландырылғаны және «барлық осы салаларда ынтымақтастық арттыру үшін асығамыз» дегенін жазған.
Сабах газеті «Әлем баспасөзі: Рекордшы тағы бір рет табысқа жетті» деп аталатын хабарында премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның сайлау жеңісінің әлем баспасөзінде үлкен жаңғырық туғызғанын атап көрсеткен. Газет әлем баспасөзінің Ердоғанның жеңісін «Түрік саясатының рекордшысы тағы бір рет табысқа жетті», «Теңдесі жоқ бір күш» сияқты тақырыптармен жариялағанын жазған.
Ватан газеті «Жаңа премьер-министр 27 тамыз күні анықталады» деп аталатын хабарында премьер-министр Режеп таип Ердоған басшылығында жиналған Әділет және өркендеу партиясының Орталық атқару кеңесі жиналысында екі маңызды шешім қабылданғаны білдірілген. Газет Әділет және өркендеу партиясының 27 тамыз күні жаңа басшысын сайлау үшін жиналатынын атап көрсеткен. Конгресс күнінің дауыс көпшілігімен анықталғанын жазған газет Конгрестің басшысы сайланатын кісінің премьер-министр болатынын да атап көрсеткен.
Стар газеті экономика беттерінде «Тұрақтылық жалғассын, жаңа нысаналарға жүгірейік» тақырыпты хабарында премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның президент сайлануының іскер әлемінде де үлкен жаңғырық туғызғанына назар аударылған. Хабарда жаңа президентпен тұрақтылық кезеңінің жалғасатыны туралы ортақ көзқарасқа келген іскер әлемінің Түркияның жаңа кірген жолында ЕО мен 2023 сияқты нысаналарға одан жылдам қол жеткізетінін атап көрсеткенін жазған.
Хүррийет газеті «Измиттік жаңа i20 таныстырылды» деп аталатын хабарында Hyundai Assan фирмасының Измит қаласындағы фабрикасында Еуропа нарығы үшін тек қана Түркияда өндірілетін екінші кезең i20 маркасының өндіріске дайын күйде екені атап көрсетілген.
Хабарда жаңа i20 моделінің баспасөз өкілдеріне таныстырылғаны жеткізілген. Газет жаңа модель i20-ның әлемге тұңғыш рет Париждегі Автокөлік көрмесінде жүзеге асатынын білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар