22.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер кейбір маңызды жаңалықтарға орын берген

66600
22.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

«Хүрриет» газеті премьер-министрдің орынбасары мен үкімет спикері Бүлент Арынчтың Палестинаға қолдау көрсету үшін Түркияның 3 күндік аза жариялағанын жазған. Газет Арынчтың Министрлер Кеңесінен кейін жасаған баспасөз мәлімдемесінде «Газада ауыр трагедия бар. Министрлер Кеңесі 3 күндік аза жариялауға шешім қабылдады» дегенін білдірген.
«Ватан» газеті Газада көпшілігі бала-шаға мен әйелдерден тұратын жүздеген Палестиналықты өлтірген Израильдің ішінде 5-8 мың шеге қойылған зеңбірек оқтарын қолданып жатқанын білдірген. Хабарда бұдан бұрын Газадағы «Вефа» ауруханасын нысанаға алып, қолданыстан шығарған Израиль танктарының кеше де «әл-Акса шейіттері» ауруханасына оқ жаудырғанына назар аударған.
«Хабертүрік» газеті 7 шілдеде басталған құрлық операциясында жүздеген Палестиналық қаза тапса, мыңдаған адамның да жараланғанын жазған. Газет кейбір Израиль әскерлері мен шовинистердің шекарадағы танктардың алдында би билеп, қырғынды тойлағанына назар аударған. Хабарда сондай-ақ Израиль армиясының халықаралық келісім-шартқа қайшы фосфор мен шеге бомба қолданып жатқанын білдірген.
«Стар» газеті ПЕТКИМ компаниясының Измирдегі пластика жасайтын құты заводының 5 айда салынып, қызметке берілгенін жазған. Газет өнім өндіре бастаған заводтың ашылуына Әзірбайжан Экономика мен Өндіріс министрі Шахин Мұстафаев пен Әзірбайжан мемлекеттік Мұнай компаниясы СОКАР-дың директоры Рөвнаг Абдуллаевтың қатысқанын білдірген. Газет ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шахин Мұстафаевтің заводта желбіреп тұрған Әзірбайжан мен Түркия туларын көріп қуанышқа бөленгенін айтқанына назар аударған.
«Миллиет» газеті маусым айында Түркияда қызмет бере бастаған әлемдегі ең үлкен көлік жалға беру фирмасы «Энтерпрайс»-тың 3 жылда 150 миллион түрік лирасы инвестиция салуды жоспарлап отырғанын жазған. Газет аталмыш фирманың Түркия бөлімшесінің 2500 көліктен тұратын экипажының елдің 46 нүктесінде қызмет беріп жатқанын және 2015-жылдың аяғына дейін офис санын 60-қа жеткізуді жоспарлап отырғанын білдірген.
«Акшам» газеті бұдан бұрын Мармара университеті тәлімгерлері үшін диссертация тақырыбы болған атақты композитор, әнші Сезен Аксудың атағының бұл жолы әлемге жайылғанын жазған. Газет Сезен Аксудың әлемдегі беделді музыка мектептерінің бірі Berklee College of Music мектебінің тәлімгерлері үшін зерттеу тақырыбы болғанына назар аударған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар