19.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Израильдің Газаға құрлық шабуылдарына байланысты хабарларға кең орын берген.

64222
19.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті Израильді «ымыраласу жындандырды» деген тақырыптағы хабарында Түркияға келген Палестина елбасы Махмуд Аббас кеше Стамбұлда елбасы Абдуллах Гүлмен кездескенін жазған. Газет Гүл мен Аббастың кездесуден кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында соңғы кездесулерден кейін Палестинада үлкен жаңалықтар болғанын, халықаралық ымыраласу болған Палестина мемлекетінің халықаралық салада да маңызды қадамдар басқаны және Израиль шабуылдарының әрі Палестина халқын, әрі ымыраласуға дайын Палестина үкіметін нысанаға алғаны білдірілгенін жазған.
Йени Шафак газеті «Жақсару мүмкін емес» деген тақырыптағы хабарында Премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның Газада «мемлекеттік террорлық лаңкестік» жүргізген Израильмен байланыстардың жақсаруы мүмкін емес екенін айтқанын жеткізген. Газет Ердоғанның «Израиль қазір қырғын жүргізуде. Израиль әлем бейбітшілігіне қауіп төндірген ел. Мен осы міндетте болған кезімде Израильмен байланысты жақсартуды ойластырмаймын» дегенін жазған.
Газет Газадағы қырғынды «Израильдің құқын қорғау» деген ат тағып, қолдау берген Америка Құрама Штаттары мен Еуропаға қатал наразылық көрсеткенін және «Бұл шынайылық емес, туралық емес. Жаңа бір крест одақтастығына дөп келіп отырмызә деген сөздерін берген.
Хабар Түрік газеті «Түркия тілектес» деген тақырыппен берген хабарында Газа операцияларының Түркияның наразылығын қозғағанын, ТҰҰ Мәжілісіндегі 4 партияның Израильдің құрлық әрекетін қатал жазғырғанын жазған.
Миллиет газеті «Тропикалдық Әуежолдары» деген тақырыптағы хабарында неміс авиация алпауыты Лутхансаның Түрік Әуе Жолдарымен бірге жаңа бір фирма құрып, Малдивтер, Мауритус және Цейшелдер сияқты тропикалдық аралдар мен ЛасВегасқа арзанға неміс туриттерді тасымалдау ниетінде екенін білдірген. Газет 2015 жылы ұшақ рейстерін бастайтын әуе жолының 7 ұшағы болатынын жазған.
Миллиет газеті «Бейіште жалаңаяқ ханыша» деген тақырыптағы хабарында Тайланд Корольдігінің мұрагер ханзадасы Маха Варалонкорнның үлкен қызы ханыша Лаха Баракитианханың делегация бастап ақ бейіш Памуккалені тамашалағанын хабарлаған.
Газет көркем көріністерді тамашалап, мол суретке түскен ханышаның антикалық Гераполис қаласын, антикалық бассейнді және амфитеатрды аралағанын, Памуккале мен антикалық Гераполис қаласына қайран қалғанын, түріктердің қонақжайлығына рақмет айтқанын жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар