03.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

115831
03.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хабертүрік газеті «Ұрланған палестиналық жастың мәйіті табылды» деп аталатын хабарында Батыс Шерияда ұрланған израильдік 3 жастың мүрделерінің табылуының артынан Иерусалимде де палестиналық бір жастың мәйітінің табылғаны білдірілген.
Газет намазға бара жатқан кезде израильдік тұрғындар тарапынан ұрланған 16 жасар Мұхаммед Әбу Худейрдің мәйітінің табылғанын естіген палестиналық жастардың Израиль полициясымен қақтығысқанын атап көрсеткен. Хабарда Израиль полициясының 70-тен астам палестиналықты тергеуге алғаны, ондаған адамды да жаралағаны білдірілген.
Йени шафак газеті экономика беттерінде жарияланған «Түркияға 4 айда 4 миллиард доллар шетел инвестициясы кірді» деп аталатын хабарында Түркияға тікелей шетел инвестицияларының жалғасқаны жазылған. Газет Орталық банктің мағлұматтарына қарағанда биылдың алғашқы 4 айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда Түркияға кірген шетел инвестициясының 49,1 пайыз артқаны, шамамен 4 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы кіргені жеткізілген. Газет шетел инвестицияларына өндіріс өнеркәсібі мен электр, газ және су салаларының қол таңба қалдырғаны атап көрсетілген.
Ватан газетінің экономика беттерінде «Автокөлік экспорты 12 миллиард долларға ұласты» деп аталатын хабарында түрік автокөлік саласының ағымдағы жылдың алғашқы жартысында 11,1 пайыз өсіп, 11 миллиард 717 миллион доллар көлемінде экспортқа қол жеткізгенін жазған. Газет Түркияның экспорт өсу жылдамдығынан асқан саланың 6 айлық жұмыс күшімен 10,8 миллиард долларлық 2004 жылғы автокөлік экспортын артта қалдырғанын білдірген. Хабарда саланың маусым айы экспортының болса 12,8 пайыздық өсумен 2,03 миллиард долларға жеткені атап көрсетілген.
Акшам газеті «700 балконымен ханшайым Эгейде» деп аталатын хабарында Эгей жағалауына аялдаған теңіз саяхаты кемелеріне тоқталған. Газет Измир Алсанджак портына аялдаған ‘Costa Deliziosa’, ‘Aida Aura’, ‘MSC Preziosa’ атты үш люкс теңіз саяхат кемесімен шамамен 10 мың туристтің қалаларға келгенін атап көрсеткен. ‘Әлемнің ең люкс кемесі’ ретінде әйгілі ‘Quenn Elizabeth’ кемесінің де 2 мың жолаушысымен Муғла қаласының Мармарис ауданына тұңғыш сапарын ұйымдастырғанын жеткізген газет 63 метр биіктігінде 295 метр ұзындығындағы ‘Quenn Elizabeth’ те 700 балконды кабинеті бар екені білдірілген.
Стар газеті «Раваго Түркияда бір шаңырақтың астында» деп аталатын хабарында Түркияда салған инвестицияларымен пластика саласының ең маңызды актерлерінің бірі ретінде бельгиялық мұнайхимия алпауыты Равагоның Түркиядағы барлық өндіріс фирмаларын Раваго Мұнайхимия акционерлік қоғамы шаңырағы астында жинағанын жазған. Газет Равагоның 6,5 миллиард евро табысы бар және 200-ден астам фирмамен сауда, маркетинг және жаңарту тақырыбында 50 мемлекетте жұмыстанғаны атап көрсетілген.
Хүррийет газеті «50 жылдың ең үлкен 50 ақынының бірі» деп аталатын хабарында Лондондағы өнер орталығы «Southbank Center»дің соңғы 50 жылдың ең үлкен махаббат өлеңдерін таңдағанын жазған. Газет 30 елден ақын кірген тізімде Назым Хикмет Ранның «Дәмек, жақсы көреді екенмін...» атты өлеңінің де орын алғанын білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар